RU

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 610 адамға жетті

Telegram logo VKontakte logo

Денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Қазақстанда коронавирустан 610 адам көз жұмғанын жеткізді – бұған дейін ресми статистикада 585 науқастың қайтыс болғаны айтылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Алексей Цойдың айтуынша, елімізде коронавирус құрбандарының саны ресми статистикадағы деректерден қарағанда көп – coronavirus2020.kz және hls.kz сайттары 585 науқастың қайтыс болғанын хабарлаған.

Ведомство басшысы республика бойынша пандемия басталғалы бері 610 адамның Covid-19 індетінен көз жұмғанын мәлім етті.

Статистикалық деректерге сәйкес, елімізде аурудың өсімі аптасына 2,5 пайызды құрап отыр. Қазақстанда эпидемия басталғалы бері инфекция жұқтырып, ауырып шыққан адамдар саны 73 мыңнан асады.

Қазіргі уақытта 123 медицина қызметкері вирусқа шалдыққан. Тағы 59 ақ халатты аталған індеттен көз жұмды. Цойдың айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі өтемақы тағайындау үшін еңбек министрлігіне медицина қызметкерлерінің тізімін жіберген.

Тағы да оқыңыздар

Министрлік: Қазақстанда коронавирустан бірде-бір бала көз жұмған жоқ

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиниятқызы абырой болғанда, Қазақстанда коронавирустан балалар өлімі тіркелмегенін мәлімдеген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 610 адамға жетті