Выйти
RU

Елімізде жүргізілген дезинфекция пневмония дертін өршіткені рас па

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде дезинфекциялық құралдарды шашудың әсерінен қазақстандықтардың пневмонияға шалдығып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бүгін ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтау министрі аталған ақпаратқа пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алексей Цой дезинфекция жұмыстарының денсаулыққа зияны бар-жоғын түсіндірді деп жазды ҚазАқпарат.

"Қазақстан тек сараптамадан өткен дезинфекциялаушы заттар пайдаланылады. Оның салдарынан қандай да бір жаппай ауырудың немесе қандай да бір басқа зиянды реакцияларды тіркеген жоқпыз. Бәлкім аллергия секілді жеке реакциялар кездесуі мүмкін. Алайда бізде қандай да бір жаппай сырқаттану немесе коронавирусты үдетті-ау деген ешқандай мәлімет жоқ", – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол дезинфекциялық құралдардың тек нұсқаулыққа сәйкес қолданылуы керектігін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау минисрі Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болуы мүмкін екенін айтып берді.

Алексей Цойдың сөзіне қарағанда, коронавирустың екінші толқыны биылғы қыркүйек-қазан айларында тұмау мен ӨРВИ-дің эпидемиологиялық маусымына тұспа-тұс келуі мүмкін. Барлығы сол кезеңдегі ауа райына байланысты болмақ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде жүргізілген дезинфекция пневмония дертін өршіткені рас па