Выйти
RU

Оттегі баллонын үйде қолдануға бола ма: Ажар Ғиният пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният оттегі баллонын үйде қолдануға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

ррррр

Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

"Оттегі баллонын үйде қолдануға болмайды. Ол жарылысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан үйде ұстауға болмайды. Қазір "оттегі концентраторы" деген аппаратар шығып жатыр. Бес литрлік нұсқасы бар. Сол аппаратты үйде қолдануға болады", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, ауруханада оттегінің мөлшері науқастың салмағына, жасына және өкпесінің қабынуына қарай есептеледі.

Оның бәрін дәрігерлер өздері анықтайды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі онлайн брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны болу мүмкіндігі жайында сөз қозғаған болатын.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болуы мүмкін: Цой жауап берді

Ведомство басшысы бүгінгі таңда елімізде коронавирус инфекциясына байланысты жағдай тұрақталғанын атап өтті.

"Әлемнің барлық елдері секілді біз де күзгі-қысқы кезеңде аурудың өсімін болжап отырмыз. Сондықтан да қазір біздің міндетіміз – денсаулық сақтау жүйесін дайындау", – деді министр.

Оның айтуынша, коронавирустың екінші толқыны биылғы қыркүйек-қазан айларында тұмау мен ӨРВИ-дің эпидемиологиялық маусымына тұспа-тұс келуі мүмкін. Барлығы сол кезеңдегі ауа райына байланысты болмақ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оттегі баллонын үйде қолдануға бола ма: Ажар Ғиният пікір білдірді