Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан жазылып, қайта ауырған науқастар бар ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемдік ғалымдар коронавируспен ауырып, жазылып шыққан адамның бойында иммунитет қаншалықты ұзаққа шыдайтынын нақты білмейді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан жазылып, қайта ауырған науқастар бар ма

Ажар Ғиният. Фото: ОКҚ

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда қазіргі таңда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

«Адамдар коронавирустың ауыр түрімен ауырып, қайтадан анализ тапсырған кезде тесттің теріс нәтиже көрсеткені, содан біршама уақыттан кейін қайтадан тест оң нәтиже көрсеткен жағдайы тіркелген. Алайда мұндай жағдайда біздің мамандар бастапқы вирустың ағзадан толық кетпеуі деп түсіндірді. Анализ клиникалық белгісі болмаған сипатта оң нәтиже көрсетеді. Сол себепті бұл – қайтадан жұқтыру жағдайы ретінде есептелмейді. Қазақстанда қазіргі таңда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ», - деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы да оқыңыздар

Елімізде жүргізілген дезинфекция пневмония дертін өршіткені рас па

Вице-министрдің сөзінше, бүкіл әлем ғалымдары ауырып болған адамның бойындағы иммунитеттің қаншалықты шыдайтынын зерттеп жатыр.

«Уақытша, яғни 6 апталық иммунитеттің қалыптасатыны жайлы мәлімет бар. Алайда бұл ретте де нақты жауап жоқ. Себебі бұл аурудың өту ағымына байланысты. Адам қандай жағдайда ауруға қарсы тұратындығы туралы ғалымдарда нақты бір ортақ тұжырым жоқ», - деді Ажар Ғиният.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан жазылып, қайта ауырған науқастар бар ма