Выйти
RU

ДДСҰ басшысы: Карантин коронавирусты жоюға көмектеспейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус карантиндік шектеулердің коронавирустың таралуын толық тоқтата алмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

ДДСҰ басшысы бұл туралы пандемиямен күрес мәселелері бойынша брифингте мәлім етті. Оның мәлімдемесі Ұйымның ресми сайтында жарияланды.

"Шектеу шаралары инфекция ошақтарын ауыздықтауға мүмкіндік береді, алайда, оларды толық жоя алмайды", – деді ол.

Гебрейесус инфекциямен күресте аурудың жаппай таралуына қарамастан, оң нәтижеге қол жеткізуге болатынын атап өтті.

Оның пікірінше, кей елдерде шектеу шараларын жеңілдетудің де маңызы бар. Соның арқасында кей мемлекеттер пандемияға байланысты құлдыраған экономикаларын қалпына келтіре отырып, бір уақытта вирустық инфекцияның таралуын тоқтата алады.

ДДСҰ басшысы вируспен күрес процесіне қоғамды жұмылдыра алатын биліктің батыл қадамдарының арқасында COVID-19 індетін тоқтатуға болатынына сенімді. Ол пандемияға қарсы вакцинаның қашан дайын болатынын күтіп, қол қусырып отыра беруге болмайтынын жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

Денсаулық сақтау министрлігі карантинді бәсеңдету бойынша жоспар құруда

"Біз адамдардың өмірін дәл қазір құтқаруға міндеттіміз", – деп түйіндеді маман.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі онлайн-брифинг барысында республика бойынша коронавирустан 610 адам көз жұмғанын хабарлаған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ДДСҰ басшысы: Карантин коронавирусты жоюға көмектеспейді