Выйти
RU

Ирландия тұрғыны 49 миллион еуро ұтып алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ирландия тұрғыны EuroMillions лотереясында 49 миллион еуродан астам ұтып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ирландия тұрғыны 49 миллион еуро ұтып алды

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"EuroMillions-тің айы оңынан туған ойыншысы бүгін 49 564 586 еуро көлемінде таңғажайып джекпотты жеңіп алды. Бұл көлемі бойынша Ирландиядағы алтыншы орындағы джекпот", – делінген хабарламада.

Бірінші EuroMillions лотереясы 2004 жылы 13 ақпанда Францияда, Испанияда және Ұлыбританияда үш елде ойнатылды. 2004 жылдың қазан айында лотереяға тағы алты ел қосылды: Люксембург, Бельгия, Швейцария, Португалия, Ирландия және Австрия. Ұтыстарға тек Швейцарияда салық салынады. Бір лотерея билеті екі жарым еуро тұрады. Жалпы алғанда, лотереяға 200 миллионға жуық адам қатысады.

Еске сала кетсек, Американың Мичиган штатының тұрғыны Филип Чиппева 80 млн доллар ұтып алған. Алайда қария жұмысын тастаудан бас тартқаны туралы жазған едік.

Тағы да оқыңыздар

Нобель сыйлығын табыстау рәсімінің форматы өзгереді

Айта кету керек, бұған дейін Ұлыбритания тұрғыны EuroMillions лотереясынан 170 млн фунт стерлинг ұтып, ел тарихындағы ең ірі джекпотқа ие болды.

Егер ұтыс иегері бір ғана адам екені анықталса, ол Ұлыбританияның ең бай мың адамының тізіміне енбек.

Бұл Ұлыбритания тарихындағы ең ірі ұтыс болып есептелетінін айта кеткен жөн.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ирландия тұрғыны 49 миллион еуро ұтып алды