Выйти
RU

Солтүстік Қазақстан облысында қатаң карантин енгізілмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысында шектеу шаралары күшейтіліп жатыр. Бұл шешім аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Facebook-тегі СҚО бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми парақшасына сілтеме жасап.

СҚО-да қатаң карантин енгізілді

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Карантинді күшейту туралы шешімді облыстың бас санитар дәрігері Серікбай Қасмақасов қабылдады. Құжатта шектеулер алдағы демалыс күндері енгізілетіні туралы айтылған, яғни 24-27 шілде және 31 шілде-3 тамыз күндері.

Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына көршілері мен туыстарына да қонаққа баруды шектеуге кеңес беріледі. Сондай-ақ, көптеген адам жиналатын түрлі іс-шаралар өткізуге тыйым салынған.

Аталған өңірдегі қазақстандықтарға үйлерінен шығуға және көлікпен жүруге тыйым салынады. Азық-түлік дүкеніне бару, жұмыс істеу, үй жануарларын серуендеу, сонымен қатар дәріханалардан дәрі-дәрмек сатып алу және денсаулығына байланысты емханаға шұғыл бару сияқты ерекше жағдайлар жеке қарастырылған.

Тағы да оқыңыздар

Бурабай мен Ақмола облысының басқа да туристік аймақтары 10 күнге жабылмақ

Такси жүргізушілеріне көлікте екі адамнан артық адам отырғызуға болмайды.

Бұл күндері аймақта кафелер мен мейрамханалар, базарлар мен азық-түлік емес дүкендер, сауда орталықтары мен базарлар жабылады. Саябақтар мен туристік орталықтардың қызметі де тоқтатылады.

Автобустар мен халыққа қызмет көрсету орталықтары да жұмыс істемейді.

Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус карантиндік шектеулердің коронавирустың таралуын толық тоқтата алмайтынын мәлімдеген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Солтүстік Қазақстан облысында қатаң карантин енгізілмек