Выйти
RU

"Қанша қашсам да жетіп алды: Сұлтанқызы ауырып қалғанын хабарлады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы сырқаттанып қалды. Ақпарат өкілінің дене қызуы көтеріліп, өңе бойын тер басқан. Медиа тұлға өзінің коронавирус жұқтырып алған болуы мүмкін екенін жоққа шығармады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.

Фото: видеодан кадр.: Instagram

Ләйлә Сұлтанқызы өзі үшін алаңдаған оқырмандарымен Instagram желісінде байланысқа шығып, өзінің ауырып қалғанын растады. Белгілі тележүргізуші арнайы видео түсіріп, өзінің қандай ем қабылдап жатқанымен бөлісті.

"Қалдарыңыз қалай? Жағдайларыңыз қалай? Ауырып қалдым. Температура - 37,6. Әзірге су, таңқурай мен лимон қосылған шай ішіп жатырмын. Жеп жатқаным апельсин, мандарин. Тәбетім жоқ, тек қана қатты терлей беремін. Көп терлеймін. Мүмкін көп су ішкеннен шығар. Әзірге 38 градусқа дейін көрейін дедім. Мүмкін көтерілмейтін де шығар. Бірақ, мұздай денем. Денем мұздай болып жатса, температура қалай көтеріліп жатқанын түсінсем бұйырмасын. Ауырмаңыздар. Алғашқы күндер дене қызуын түсіретін дәрілерді, сұйықтық көп ішу керек дейді. Менде де солай болады" , - деді Сұлтанқызы.

Тағы да оқыңыздар

"Қызыма жақсы көретінімді айтшы": Бішкекте науқас волонтердің қолында көз жұмды (видео)

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызының туған ағасы инсульт алып, ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз. 44 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде жатқанына он бір күн болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қанша қашсам да жетіп алды: Сұлтанқызы ауырып қалғанын хабарлады (видео)