RU

Кімдерге 42 500 теңге берілмейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар белсенді түрде әлеуметтік төлем алуға өтінім беруде. Осы орайда Нұрфин журналистері материалдық көмекті үлестіруде заңмен қандай ережелер бекітілгенін біліп көрді.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Бір жолғы әлеуметтік төлем биылғы жылға бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінде беріледі.

Төлемді бұрынғыдай мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асырады. Сондықтан да материалдық көмекке салық салынбайды, ол карантинге дейін әлеуметтік төлемдер жасаған адамдарға берілмек.

42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді биылғы шілде айына дейін жұмыс істеп, енгізілген шектеу шараларына байланысты қызметі мен табысы тоқтаған қазақстанрдықтар ала алады.

Осыған орай әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға берілмейді:

  • Карантин кезінде қызметі шектелмеген компанияның жалдамалы жұмысшылары. Шектеу шараларына байланысты ұйымның қызметі тоқтаған жағдайда, жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін өтінім беруі тиіс.
  • Ақылы, декреттік және оқу демалысында жүрген жұмысшылар. Алайда, егер қызметкер жалақысы сақталмайтын демалыста болып, жоғарыда аталған пункттегі санатқа жатса, жұмыс беруші ол үшін өтінім беруі тиіс.
  • Компания қызметінің тоқтап қалуына байланысты ресми түрде жұмыстан босатылған қызметкерлер. Яғни, бұл жағдайда қызметкерлерге 42 500 теңгені жұмыс беруші төлеуі тиіс. Ал егер кәсіпорын жұмысы компанияның өз кінәсінан тоқтаса, өтемақы мөлшері кемінде жалақының жартысын құрауы тиіс.
  • 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында, яғни қаңтар мен шілде аралығында біржолғы төлем жасамаған өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар.
  • Жұмыссыз зейнеткерлер, түрлі жәрдемақы мен әлеуметтік төлем алатын қазақстандықтар, сондай-ақ карантиндік шектеу шаралары кезінде алғаш рет біржолғы төлем жасаған жұмыспен қамтылмаған өзге де азаматтар.
  • Соңғы жарты жыл ішінде табысынан БЖЗҚ жеке шотына міндетті зейнетақы жарналары аударылмаған азаматтық-құқықтық келісімшартпен жұмыс істейтін қазақстандықтар.
  • Жаза өтеу орындарында толық қамсыздандырылған сотталушылар.
  • Өз табыстарын қалпына келтірген жұмысшылар.

Тағы да оқыңыздар

1 млн аса қазақстандықтың шотына 5556 теңге мөлшерінде қаржы аударылмақ

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Дей тұрғанмен, кез келген жадайда әр өтінім жеке-жеке қарастырылады.

Біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ережелерінде одан бас тарту қарастырылған. Яғни, өтінім беруші жоғарыда аталған тізімге енсе, әлеуметтік төлемнен бас тартуға өтініш жаза алады.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген жағдайлардан бөлек, адам өтінім берген соң Қазақстан азаматтығынан бас тартса немесе қайтыс болса төлем берілмеуі мүмкін.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Кімдерге 42 500 теңге берілмейді