Выйти
RU

"Жоспарым құрдымға кетті": Аяғы ауыр Динара Бақтыбаева VIP палатаны армандаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кино саласының жұлдызы Динара Бақтыбаева босанар уақыты жақындап қалған шағында уайымға салынды. Алғаш рет ана атанғалы жатқан актриса дәм мен иіс сезбей қалған. Өнер иесі коронавирус жұқтырып алған болуы мүмкін екенін ескере отырып, оны анықтау үшін ПТР тест тапсырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dika_strai.

Фото: Instagram/dika_strai.: Instagram

Динара Бақтыбаева тұңғышын қайда және қандай жағдайда босанатынын алдын ала жоспарлап қойған. Алайда, күллі әлемді жаулаған коронавирус кесірінен ауруханаға жатуға да қорқып қалған.

Босанатын уақыты жақындап келе жатқанда болашақ ананың жүрегін одан бетер үрей басты. Белгілі актриса дәм мен иіс сезбей қалған. Ол мұндай күйде бір аптадан астам уақыт жүр. Өзінің және сәбиінің денсаулығы үшін алаңдаған өнер иесі бірден ПТР тестілеуден өтіп, бүгінде оның нәтижесін күтуде.

Тағы да оқыңыздар

"Дұғадамыз": Сұлтанқызы жансақтау бөлімінде жатқан ағасы үшін алаңдауда

"Осы уақытқа дейін босануымды ойластырып келгенмін. Вип-палата мен джакузиді қаладым. Йогаға қатысып, босану үрдісін зерттедім. Дайындыққа барып жүрдім. Содан кейін бар жоспарым құрдымға кетті. Палаталар жабылып қалды. Енді олар тек қана Covid-19 жұқтырғандарға арналады. Көңілім түсіп қалды. Иіс сезбей жүргеніме бір аптадан астам уақыт болды. Анам "вип-палатаны армандап едің ғой" деп қалжыңдап қояды. ПТР тапсырдым, нәтижесін күтудемін. Шамалы алаңдап, қайтадан дайындығыма оралдым. Қазіргі басты мақсат- дені сау баланы дүниеге әкеліп, өзім де сау болуым керек. Енді вип-палата дегеннің маңызы да жоқ. Уақыт осындай, қолдан келер шара жоқ" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жоспарым құрдымға кетті": Аяғы ауыр Динара Бақтыбаева VIP палатаны армандаған