Выйти
RU

Қазақстандықтар ақжелкек тамырын коронавирусқа қарсы ем ретінде пайдалануда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өскеменде саяжай иелері өз қожалықтарын күзетуге мәжбүр. Бұл соңғы кездері ақжелкек өсімдіктерін ұрлау жайттары айтарлықтай көбейгенімен байланысты. Себебі, ақжелкектің тамыры COVID-19 індетіне қарсы ем болып есептелуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com: Twitter

Қала тұрғыны Герман Дремовтың айтуынша, жақында көршілес бірнеше учаскеде ұрлық болған: белгісіз біреу бақшаға түсіп, ақжелкектің бәрін қазып алып кеткен.

Ал оның бақшасында егілген ақжелкекті ұрылар байқамай қалған көрінеді деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Аталған өсімдіктің ұрлану себебі мынада – ақжелкек сарымсақ пен зімбірден кейін коронавирустан қорғайтын емдік қасиеті бар өсімдік ретінде саналуда.

Халық азық-түлік базарларындағы барлық ақжелкектерді жаппай сатып алуда. Сәйкесінше, аталған өсімдіктің бағасы да күрт өскен. Тұрғындардың айтуынша, тауарға деген сұраныстың артуына байланысты қазір жүз грамм ақжелкекті мың теңгеден жоғары бағаға сатып алуға болады.

Тағы да оқыңыздар

Коронавирустан сақтану үшін бетперденің қай түрін таққан дұрыс

Ақжелкек пайдалы антибактериалды өнім ретінде бұрыннан белгілі. Бұрындары оны суықтан емдеу үшін балмен бірге ішкен. Алайда, мамандар коронавирус инфекциясы кезінде халық емінің тиімсіз екенін ескертеді.

Оған қоса, ақжелкекті шамадан тыс пайдалану адамға зиянын да тигізуі мүмкін: мысалы, ішкі органдарды күйік шалу қаупі бар. Дәрігерлердің айтуынша, ақжелкек дәрі-дәрмек болып саналмайды және ол өздігінен ауруды емдемейді.

Медицина қызметкерлерін халық емшілері де қолдап отыр: олар аталған өсімдік тамырын тағамға қоспа ретінде ғана пайдалуға болатынын ескертеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтар ақжелкек тамырын коронавирусқа қарсы ем ретінде пайдалануда