Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зейнетке шығу жасы төмендейді": Еңбек министрлігі түсініктеме берді

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде зейнетке шығу жасының төмендеуі туралы ақпарат кеңінен тарап кетті. Осы орайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәліметке түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Stopfake.kz сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, Нұрлыбек Қуаңбаев атты Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы өзінің парақшасында азаматтардың зейнетке шығу жасы қысқартылғанын, ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады деген ақпар таратқан. Одан бөлек, скриншотқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін қосып қойған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жазбаның жалған екенін мәлім етті.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстанда зейнеткерлік жастың өзгертілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ерлер үшін зейнеткерлік жас 63 жаста, әйелдер үшін қазіргі уақытта – 59,5 жаста басталады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында шілде айында әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866151-zejnetke-sygu-zasy-tmendejdi-ebek-ministrligi-tsinikteme-berdi/

pixel