Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Боди массаж": Алматыда интимдік қызмет көрсеткен притон анықталды (фото, видео)

Опубликовано:

Алматы қаласында массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz: UGC

Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбековтің сөзінше, тексеру кезінде массаж салонында интимдік кәсіппен айналысқан 10 жеңіл жүрісті қыз ұсталған.

"Олардың жарнамаларында боди массажы деп тұр. Сыртынан қарасаң қарапайым үш деңгейлі тұрғын үйге ұқсайды, белгісіз, ал, ішінде – жатын бөлмелері, сауна, бассейн және басқа да атрибуттары бар бөлек бөлмелер бар. Күшейтілген карантин күндері әйелдер өте мұқият жұмыс істеген. Тек сенімді клиенттерді ғана кіргізген. Кеше түнде арнайы іс-шара жасалды. Жұмыс қызу жүріп жатты. Барлығы 12 адам ұсталды, олардың үшеуі Моңғолияның тумалары, біреуі Тәжікстаннан, тағы біреуі Өзбекстаннан, қалғандары еліміздің басқа аймақтарынан келгендер. Айтпақшы, аталған мекеме қызметкерлері сол жерде орналасқан шағын жатақханада тұрады", - деді ол.

Сонымен қатар, интимдік сипаттағы массаж жасауға үй ұсынғаны үшін ғимарат иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін жұмысынан босап қалған полицейдің массаж салонының үстінен арыз жазғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866162-bodi-massaz-almatyda-intimdik-kyzmet-krsetken-priton-anyktaldy-foto-video/

pixel