Выйти
RU

Rabotanur.kz сайтында қалай жұмыс табуға болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

NUR.KZ IT- компаниясының жұмыс іздеу бойынша ұсынған қызметінің басты артықшылығы - уақыт үнемдеу.

Rabotanur.kz сайтында қалай жұмыс табуға болады

Фото: NUR.KZ

Бүгінде Rabotanur.kz сайтында 20 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылып отыр. Сіз тұрақты, уақытша немесе қашықтан істейтін, сондай-ақ, шет мемлекеттердегі бос жұмыс орындарын таба аласыз.

Уақытты үнемдеу үшін сайттың басты бетіндегі іздеу жолына сізді қызықтыратын нұсқаны енгізіп, бос жұмыс орындарының толық тізімін бірден алуға болады.

Жұмыс іздеу барысында сіз қала таңдау, жұмыспен қамту типі және жалақы мөлшері сияқты түрлі фильтрлерді табасыз. Барлық бос жұмыс орны қызмет салалары мен ең танымал мамандықтар бойынша сұрыпталған.

Түйіндеме дайындау

Есіңізде болсын, жұмысқа кіру үшін тек арманыңыздағы бос орынды табу жеткіліксіз, сізге одан бөлек жұмыс берушіге өз түйіндемеңізді жолдау қажет. Ал оны дайындау кейде қиындық тудырады. Не жазу керек? Қандай қабілеттерді көрсету қажет?

Тағы да оқыңыздар

Ақтаудан Алматыға жеткізілген арыстан карантинге орналастырылды

Rabotanur.kz сайтында арнайы қолданушылар үшін мінсіз түйіндемені қалай дайындау керектігі туралы кеңестер ұсынылды. Айта кететін жайт, рекрутерлер суреті бар және үміткердің қалайтын сомасы көрсетілген түйіндемені жиі қарастырады.

Бір тіркелген қолданушы бір электронды мекенжайдан бес түйіндемеге дейін жібере алады. Бұл сіз әртүрлі қызмет салаларынан бірнеше позицияға үміткер болғыңыз келген жағдайда (мысалы, сатушы, наубайшы және фитнес жаттықтырушы) қажет.

Ілеспе хат қызметі

Rabotanur.kz сайтында жұмыс іздеушінің түйіндемесіне ілеспе хат бекіту қызметі бар. Бүгінде көптеген компания үміткер неліктен өздерін таңдағанын және оның қандай қасиеттері кәсіпке табыс әкелетінін білгісі келеді.

Rabotanur.kz мобильді қосымшасы

Ілеспе хатты тек компьютерден емес, смартфоннан да жіберуге болады. Rabotanur.kz қосымшасы Android және iOS плафтормаларында қолжетімді және тегін. Қосымшаның артықшылығы, сізге жұмыс беруші жауап бергенде немесе түйіндемеңізге сәйкес келетін бос жұмыс орны табылғанда хабарлама келіп отырады.

Тағы да оқыңыздар

Кімдер өтініш жібермей-ақ 42500 алады: Министр мәлімдеме жасады

Сіз жайлы барлық ақпарат кәсіби түрде дайындалып, Rabotanur.kz сайты мен мобильді қосымшасына жинақталғанда, сізге тиімді ұсынысқа дайын отыру оңай болады.

Жұмысты өзіңізге тиімді жолмен іздеңіз! Егер сіз Rabotanur.kz жаңалықтарына жазылсаңыз, сізге қажетті бос жұмыс орындары поштаңызға келеді.

Rabotanur.kz командасы жұмыс іздеу қызметін қарапайым, тез әрі нәтиже беретіндей етіп әзірлеп қойған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Rabotanur.kz сайтында қалай жұмыс табуға болады