RU

600 мыңнан аса қазақстандық үшін АӘК тағайындау мерзімі ұзартылды

Telegram logo VKontakte logo

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 620 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мерзімі автоматты түрде ұзартылғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

"121 мың отбасына, яғни 625 мың қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік мекемелерге жүгінбестен, автоматты түрде ұзартылды. Сонымен қатар, 13 мың адам атаулы әлеуметтік көмекке eGov.kz порталы арқылы өтініш берді. Олар осы жылдың II тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтар", - делінген хабарламада.

Министрлік 1 шілдеден бастап екінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті алғандарға үшінші тоқсанда да мерзімді ұзартуды көздейтін бұйрық қабылдағанын мәлім етті.

"Бұл шара азаматтардың әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарына жаппай жиналуына жол бермеді. Осылайша адамдардың коронавирусты жұқтыру қаупі азайды", - деді ведомство.

Тағы да оқыңыздар

Тамызда карантин ұзартылса, қазақстандықтарға 42 500 теңге төлене ме

Министрліктің мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мерзімін ұзарту кезінде кейбір кірістер, соның ішінде азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтарға, төтенше жағдай кезінде коммуналдық шығындарды өтеуге бөлінген төлемдер есепке алынбаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір миллионнан астам қазақстандықтың шотына азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін 5556 теңге мөлшерінде ақша аударылатынын мәлім еткен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
600 мыңнан аса қазақстандық үшін АӘК тағайындау мерзімі ұзартылды