Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында белгісіз біреулер мұғалімнің үйіне тас лақтырып, үш адам зардап шеккен

Опубликовано:

Түркістан облысы Кентау қаласында белгісіз біреулер дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мен оның көршісінің үйіне тас лақтырып, салдарынан үш адам жарақат алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысында белгісіз біреулер мұғалімді таспен ұрған
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Белгілі болғандай 21 шілде күні сағат түнгі 01:00 шамасында "Опель" көлігімен үйіне қайтып келе жатқан 32 жастағы мұғалім жігіт жол ортасында мас күйде тұрған 29 жастағы ауылдасымен сөзге келіп қалған.

Осыдан кейін кикілжің ушығып кетпесін деген оймен мұғалім көлігіне отырып кетіп қалады. Алайда соңынан бірнеше көлікпен іле-шала жеткен бір топ белгісіз тұлғалар А.есімді жігітті кім ұрғанын сұрап мұғалімге дөрекілік көрсете бастапты.

Содан кейін себепсізден мұғалім мен оның көршісінің үйіне тас лақтырған. Салдарынан мұғалімнің үш туысы түрлі дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған.

"Бұл жайт ҚПБ-не тіркелді. Оқиға орнына шұғыл Түркістан облысы ПД басшылығы бастаған жедел-тергеу тобы шықты. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде жедел уәкілдер 4 күдікті тұлғаны анықтап, ұстады. Орын алған жағдайдың барлығы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БҚО-да оқушыны ұрды деп күдіктелген мектеп директорының сотты болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866226-trkistan-oblysynda-belgisiz-bireuler-mgalimdi-taspen-rgan/

pixel