Выйти
RU

Барахолка маңындағы көпірден секірмек болған тұрғынды полицейлер құтқарып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында өз-өзіне қол салмақ болған тұрғынды полиция қызметкерлері құтқарып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомство мәліметінше, Айнабұлақ ықшам ауданында қызмет етіп жүрген уақытта тергеуші Елжас Каллимуланов, учаскелік полиция инспекторы Елдос Құдайберген және патрульдік полиция қызметкері Бекжан Әміртаевтан тұратын "Фотон-6" түнгі іздеу тобының бригадасына хабар келген.

Хабарламада 40-44 жастағы белгісіз ер адамның "Ялян" базары маңындағы жолаушылар көпірінің шетінде отырғандығы оның өз-өзіне қол жұмсамақ ойда екені айтылған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері дереу ер адамды ойынан айнытуға тырысқан. Әңгіме барысында өз-өзіне қол жұмсағысы келген адамның мас екендігі белгілі болған.

"Мен жағдайдың өзгеріп жатқанын және біздің батыл әрекет етуіміз керек екендігін түсіндім. Біз бірден "Б" жоспарына көштік. Әріптесіміз, полицей Құдайберген онымен сөйлесіп жатқан кезде, полицей Әміртаев екеуміз көпірге әртүрлі жағынан көтеріліп, ер адамға байқатпай жақындай бастадық. Ол көпірдің артында тұрып, "Буран-168" патрульдік экипажындағы әріптесімізге маскүнемдікпен өз ренішін айқайлап айта бастады.

Тағы да оқыңыздар

Полиция Ақсайда мерейтой жасағандарды анықтады

Менің бұйрығым бойынша Бекжан жақындай түсті де, бір сәтте ер адамға ұмтылды. Ол ештеңені аңғарып үлгермеді, содан кейін мен екінші қолын ұстап, оны қауіпсіз жерге шығардым", – дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Елжас Каллимуланов.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері бұл әрекетті ерлік деп санамайтынын, бұл олардың жұмысының бір бөлігі ғана екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, осыған дейін күдіктіні ұстау кезінде он үшінші қабаттан секіріп кеткен алматылық тәртіп сақшысының марапатталғанын жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Барахолка маңындағы көпірден секірмек болған тұрғынды полицейлер құтқарып қалды