Выйти
RU

ШҚО-да коронавирустан айыққан ер адам ауруханадан шығудан бас тартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

КВИ-ден айыққан Өскемен тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханасынан шыққыcы келмейді. Ол үйде кішкентай бала бар екенін айтып, сол үшін ауруханадан кетуден үзілді-кесілді бас тартып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО-да коронавирустан айыққан ер адам ауруханадан шығудан бас тартты

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Оқиға туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында хабарланды. Мәлім етілгендей, науқас өзінің ауруханадан шығатынын білген кезде ашуға булығып, дәрігерлердің титығына тие бастапты.

Ер адамның барлық қажетті вирусқа қарсы емді қабылдағаны белгілі болды. Ол ауруханаға COVID-19 және полисегментальді пневмонияға тапсырған оң нәтижелі тест көрсеткішімен түскен.

Ауруханадан шыққысы келмеген науқас емнің тез өтіп кеткенін айтуда. Ер адам дәрігерлер мен аурухана қызметкерлерінің сөзіне құлақ аспайды. Айта кету керек, өткізілген компьютерлік томография айтарлықтай жақсарған. Науқастың өкпесі тек 20%-ға зақымданған.

Тағы да оқыңыздар

Тұмаумен ауырып жүрген науқас коронавирус жұқтырса не болады

Клиникадағылар мұндай науқаспен не істеу керектігін білмейді. Ер адам тіпті, дәрігерлерге жала жапқысы келген. Блогерлерді ауруханаға шақыра отырып, ол дәрігерлердің өзін ауруханадан шығаруға мәжбүрлеп жатқанын және аз тамақтанғанын айтты. Белгілі болғандай, науқастың сөзі шындыққа жанаспайды.

Дәрігерлер ер адамды ақылға шақыруда, өйткені науқас өз әрекетімен аурудың анағұрлым ауыр түрімен ауыруы мүмкін басқа коронавирус жұқтырған науқасты тиісті көмек алудан айырып отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ШҚО-да коронавирустан айыққан ер адам ауруханадан шығудан бас тартты