Выйти
RU

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың өсімі не себепті туындады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы тікелей эфирде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың күрт өсімінің неліктен байқалғанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың өсімі не себепті туындады

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Алексей Цой "Хабар" телеарнасындағы "Рахым Ошақбаевпен дөңгелек үстел" бағдарламасына қатысты. Тікелей эфир Ошақбаевтың Facebook-тегі профилінде пайда болды.

Сұхбаттасушы министрден коронавирус жағдайларының күрт өсуіне не себеп болғанын сұрады.

Цойдың айтуынша, бұл жерде Қазақстанда коронавирус "аяқталды" деген хабар үлкен рөл атқарды. Оның сөзінше, Қазақстан халқы карантиннің аяқталғандығы туралы жаңалыққа қуанып, "босаңсып қалған". Сондай-ақ, оның пікірінше, жаз бен жылы ауа райы да өз кезегінде ықпал еткен.

Цойдың пайымдауынша, COVID-19 жұқтырғандардың күрт өсуі қазақстандықтардың маска киюді доғарғанынан болды. Оның пікірінше, бұл жерде адамдардың "бір-бірін сағынғаны" да рөл атқарды.

Тағы да оқыңыздар

Денсаулық сақтау министрлігі карантинді бәсеңдету бойынша жоспар құруда

Министр елдегі індет жыл соңына дейін жалғасады деп санайды. Оның айтуынша, келесі жылы көптеген инфекциялар да анықталады.

Оның пікірінше, мұның бәрі адамдардың жүріс-тұрысына байланысты. Қазір адамдар көпшілік орындарда жүргенде санитарлық талаптарды сақтау керектігін ұмытып кетеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың өсімі не себепті туындады