Выйти
RU

"Вирус тарқады": COVID-19 жұқтырған Айқын Төлепберген толығымен жазылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген организмі коронавирус инфекциясын толығымен жеңіп шыққанын хабарлады. Қауіпті індетті жұқтырған жұлдыз бірнеше күн бойы ауруханада ем қабылдап, артынша үйінде оқшаулануға мәжбүр болған. Дәрігерлер талабын бұлжытпай орындаған өнер иесі аты жаман аурудан құтылып, енді далаға шығу мүмкіндігін иеленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn.

Фото: Instagram/aikyn.: Instagram

Айқын Төлепберген қанында болған вирустың толығымен тарқағанын бірінші болып, өз оқырмандарымен бөліскен. Ол Instagram желісі арқылы оқшаулану уақыты аяқталғанын айтып, емінің оң нәтижелерін жария етті.

Көпбалалы әншінің айтуынша, оның денесінде енді коронавирусқа қарсы антителалар көптеп бөлініп жатыр.

"Біздің самоизоляция аяқталды. Вирус толықтай қанымыздан тарқады. Антитела барынша бөлініп жатыр, деді анализдер. Енді, қашықтық сақтап шығуға болады" , - деп жазды ол.

Тағы да оқыңыздар

ШҚО-да коронавирустан айыққан ер адам ауруханадан шығудан бас тартты

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепбергеннің денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз. Кейіннен оның тапсырған тесттері нәтижесіне орай, әншінің коронавирус жұқтырып алғаны расталып шықты.

Өнер иесі бір аптадан астам уақыттан соң, ауруханадан шығып, үйіне оралған. Ол өзін аяққа тұрғызған ақ халаттағыларға өз алғысын үйіп төкті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Вирус тарқады": COVID-19 жұқтырған Айқын Төлепберген толығымен жазылды