RU

Көлік тізгіндеп келе жатып видео түсірген Арапбаева қатаң сынға қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Маржан Арапбаеваның көлік тізгіндеп келе жатқан видеосы желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік өнер иесінің авто жүргізген кезде бар назарын жолға емес, телефонына аударғанына шүйліккен. Олар әншіні қауіпсіздік белдігін тақпай, бетперде кимегені үшін де сынап тастады. Оған қоса, кейбірі оның далаға төстартқышсыз шыққанын аңғарып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/arapbayevamarzhan.

Фото: Instagram/arapbayevamarzhan.: Instagram

Маржан Арапбаеваның қатысуымен болған видео Instagram желісіндегі juldyzdy_janalyk парақшасында жарияланған. Онда қауіпсіздік белдігі мен маска тақпай көлік айдап келе жатқан әртісті көруге болады.

Бейнежазбада өнер иесінің қозғалыс кезінде әлі де видео түсіруді жалғастырғаны байқалады. Мұны аңғарған желі қолданушылары оны барлығына ортақ заңға бағынбағаны үшін сөгіп тастады.

Оның үстіне видеоны мұқият зерттеген оқырмандар әншінің төстартқышсыз отырғанын жазып жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Желіде сүйіскен қазақстандық арулардың видеосы қызу талқыға түсті

"Маска жоқ, белдік тағылмаған, жолға қарамай отыр" , "Көлік тізгіндеп келе жатқанда телефон ұстауға болмайды емес пе" , "Қауіпсіздік белдігі мен бетпердені ұмытқан" , "Белдік пен маска ғана емес, дұрыстап қарасаңыздар төстартқыш та жоқ" , "Бұл әнші де жалаңаштанбақ па енді" , "Төстартқышы жоқ қой" , - деп жазуда көпшілік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көлік тізгіндеп келе жатып видео түсірген Арапбаева қатаң сынға қалды