RU

Ұялы телефонын қуаттау кезінде 8 жасар бала көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Аргентинаның Конкордиа қаласында тұратын 8 жасар бала телефонын қуаттау кезінде тоққа түсіп қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Ата-анасы баланы бірден ауруханаға жеткізген, алайда, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Балақай электр тоғының әсерінен жүрегі тоқтап қайтыс болған.

Кезекші полиция дәрігері марқұмның оң қолын, кеудесінің оң жақ бөлігінің және оң аяқ тобығының күйік шалғанын растады деп жазды RT.com жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасай отырып.

Полицияның мәлімдеуінше, қайғылы жағдайға үйдегі бұзылған разетка немесе ақауы бар қуаттау құрылғысы себеп болған.

Құқық қорғау органдарының өкілі үйде электр тоғын автоматты түрде өшіру жүйесі болмағанын атап өтті. Сондықтан да тоқтың қуаты жоғары болғаны соншалық, адам өліміне алып келген.

Тағы да оқыңыздар

ШҚО-да коронавирустан айыққан ер адам ауруханадан шығудан бас тартты

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин балалардың жаппай пневмонияның ауыр түріне шалдығуы туралы мессенджерлерде тараған ақпаратқа пікір білдірген болатын.

Бас дәрігердің айтуынша, балалардан пневмонияның ауыр түрі анықталмаған. Жансақтау бөліміне жатқызу жағдайы да болмаған. Негізінде, өкпе тіндерінің 5-10 пайызынан аспайтын бөлігінің зақымдануы кездеседі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ұялы телефонын қуаттау кезінде 8 жасар бала көз жұмды