Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зодиак белгілері: Күні, мінезі, қабілеті, денсаулығы

Опубликовано:

Астрологтардың пайымдауынша, зодиак белгілері адам тағдырына елеулі түрде әсер етеді. Ашуланшақтық немесе керісінше асқан жұмсақтық, өзімшілдік пен адал ниеттілік генетика арқылы емес, жұлдызнамамен берілу мүмкін. Шын мәнінде солай ма? KAZ.NUR.KZ материалындағы мәліметтерді таныстарыңыздың мінезімен салыстырып көріңіз.

Фото: publicdomainpictures.net
Фото: publicdomainpictures.net: Instagram

Зодиак белгілері: күні, сипаттамасы

Белгілі болғандай, өмірде зодиактардың 12 түрі бар. Олар әр адамның туған күніне байланысты бөлінеді. Әр белгінің аспан шырақтары арасынан өзіне ерекше әсер ететін қамқоршысы болады. Белгілі бір уақытта дүниеге келген мүлдем әр түрлі адамдардың ортақ ұқсас жақтарының болу себебі де осында жатыр.

Астрологтардың пікірінше, қай зодиак белгісі қандай мінезге ие екенін айтып береміз.

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)

Зодиак белгілерінің жұлдыз жорамалын Тоқты ашады. Жұлдыздардың пайымдауынша, олар аса еңбекқор әрі бақытты адамдар. Олар өте белсенді және дербес болып келеді. Сол себепті, ата-анасынан бөлек тұруды ерте бастайды.

Тоқтылар бір орында отыра алмайды: олар әрдайым көшбасшы болғысы келеді. Оған қоса, бұл зодиактың өкілдері тез ашуланшақ, қырсық және әсерге берілгіш болып табылады.

Торпақ (21 шілде – 21 мамыр)

Торпақтар аса қырсық. Егер бұл зодиакқа жататын адамдардың ойына бір нәрсе келсе, оларды бағытталған жолынан тайдыру мүмкін емес. Сонымен қатар, Торпақтар өте адал жандар. Олар үй жайлылығы мен жылулығын жақсы көреді. Жұлдызнама өкілдері аса баяу, жалтақ мінезді және жаңа жағдайларға өте ауыр үйреніседі.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Instagram

Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)

Егіздер - нағыз мейрамның адамы. Олар бар жерде әрдайым шулы әрі көңілді отырыстар өтеді. Егіздер зерігуге шыдамайтын болғандықтан, үнемі жаңа әсер ізденісінде жүреді. Олардың екіжақтылығы салдарынан олардың жақын адамдары жапа шегіп жатады. Сонымен қатар, егіздер жеңілтек, түсініксіз, қу болып келеді. Оған қоса, олар аса ақылды.

Шаян (22 маусым – 22 шілде)

Шаян белгісінде туған адамдар сипаттамасы бойынша көбіне уайымшылдау болып келеді. Жұлдызнаманың бұл өкілдері көп жағдайда өз-өзіне аса сенімсіз әрі өте сезімтал. Олар өз үйінде, отбасының ортасында уақыт өткізгенді ұнатады. Олар аналарына аса жақын болып, тыныш жайлы өмір сүруді таңдайды. Оған қоса, астролог мамандардың болжамынша, Шаяндар шәлкез мінезді, арманшыл, нәзік және сезімтал болады.

Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)

Арыстандар - белсенді және білімқұмар жандар. Жұлдызнаманың бұл өкілдері ел-жұрт назарында болғанды қатты жақсы көреді. Оған қоса, олар мақтау сөздерді естігенді жаны сүйеді. Арыстандар беделді, атаққұмар және кішкене өзімшіл болып келеді. Сонымен қатар, олар өзгелерден ештене талап етпей-ақ көмектесуге әзір. Бұл зодиак белгісіндегі адамдар мейрамдарды жақсы көреді және көңіл көтеруді біледі.

Бикеш (24 тамыз – 23 қыркүйек)

Егер зодиак белгілерін айлар бойынша қарастыратын болсақ, Бикештің дәл зодиакалды шеңбер ортасында орналасқанын аңғаруға болады. Оның нақты әрі епті тұлға болып табылатыны да содан шығар. Бұл белгіде туған адамдар жұмыс істеуді жақсы көреді және жақсы біледі. Олар үнемшілдік пен тәртіпсіздікті көтере алмайды. Кейде Бикештер тым тақуа болып көрінеді. Өнегелігі кесірінен адамдармен табысуы өте қиын. Оған қоса, жұлдызнама өкілдері білімқұмар және саяхаттағанды жақсы көреді.

Таразы (24 қыркүйек – 23 қазан)

Таразы зодиактың аса аккөңіл белгісі болып табылады. Олар сезімтал, әсерге берілгіш және кейде тым қызба қанды. Таразылар келіспеушілікті жек көреді және мейілінше жағдайды ушықтырмауға тырысады. Жұлдызнаманың бұл өкілдері өте бауырмашыл және икемді болып келеді. Сол себепті, олардың таныстары мен достары өте көп.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Instagram

Сарышаян (24 қазан – 22 қараша)

Сарышаян - өте құмар әрі қызба қанды зодиак белгісі. Жұлдызнама өкілдерінде көп жағдайда әсері ой-өрісінен басым түседі. Алайда, Сарышаяндар аса қатал болуы да мүмкін. Олар әрдайым көшбасшылыққа ұмтылады. Сол себепті, олардан керемет белсенділер мен мықты жетекшілер шығады. Сарышаяндар өршіл, аса белсенді және қайсар мінезді болып келеді.

Мерген (23 қараша – 21 желтоқсан)

Мергендер - өзіне аса сенімді әрі өзімшіл жандар. Олар бостандығын шектейтіндерді ұнатпайды және өте сирек жағдайда ғана адалдық танытады. Бұл жұлдызнама өкілдері ел назарынада жүргенді жақсы көреді және керемет әзілқой болып табылады. Мергендер бақталастарының болғанын ұнатпайды. Сол себепті үнемі өзін-өзі жетілдіруге тырысады. Олар өзге адамдарға да осы талаптарды қояды.

Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)

Тауешкілер - аса баяу және көп ойға берілетін адамдар. Олар өзін-өзі талдау мен өзін-өзі бақылауға бейім болып келеді. Олар өз эмоцияларын өте сирек шығарады. Көп жағдайда жұлдызнама өкілдері бар әсерін іште сақтауға тырысады. Сырт көзге Тауешкілер көп сөйлемейтін және түнерген болып көрінуі мүмкін. Алайда, олар тек танымайтындардың жанында өзін солай ұстайды. Олар өте адал болып келеді.

Суқұйғыш (21 қаңтар – 18 ақпан)

Суқұйғыш зодиак белгісі өзге адамдарға әрдайым ашық. Ол өте бауырмашыл және көпшіл. Кейде тіптен жұмсақ мінезге ие болады. Астрологтардың пайымдауынша, бұл жұлдызнаманың өкілдері жаңа жағдайларға өте нашар бейімделіп, кейбір оқиғаларда кертартпа қылық танытады. Оған қарамастан Суқұйғыш кез келген қиындықтарды сенімді түрде еңсереді.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Instagram

Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)

Балықтар - өте нәзік әрі арманшыл. Оларды оп-оңай ренжітіп алуға болады. Оған қоса, жұлдызнаманың бұл өкілдері реніштерін ұзақ сақтап, ұзақ қайғырып жүреді. Балықтардың психикасы иілгіш, сол себепті олардың сезімталдығы Балықтардың өміріне кері әсерін тигізбейді. Олар алға қойған мақсаттарына жетуді біледі. Сонымен қатар, Балықтар ырғақ пен гармонияның ерекше сезінеді.

Зодиак белгілерінің сипаттамасы біреулер үшін әділетсіз болып көрінуі мүмкін. Соның негізінде зодиактар үйлесімділігі де құрастырылады. Алайда, бұл дегеніміз тек шартты болжамдар екенін естен шығармаңыздар. Сол себепті, барлығын жүрекке жақын қабылдаудың қажеті жоқ.

Зодиак белгілері: дарыны мен қабілеттері, денсаулығы

Жұлдыздар бойынша мамандар зодиак белгілері адам мінезіне ғана емес, болашақ мамандығын таңдауға да әсерін тигізеді деген пікірде. Сонымен қатар, олар әр адамның денсаулығын да назардан тыс қалдырмады. Бәріне дайын болу үшін жұлдызнама өкілдерінің кейбір ерекше қабілеттерімен таныс болыңыздар. Зодиак белгілері күндері бойынша былай сипатталады:

Тоқты

Тоқтылар өздерін басшылық қызметте жақсы сезінеді. Олар адамдарды қалай басқару керектігі мен олардың жұмысын құру тәсілін жақсы біледі. Соған қарамастан, Тоқтылар еш уақытта қатал билеуші болмайды. Оған қоса, жұлдызнама өкілдері өте әртісшіл және икемді. Әдетте, Тоқтылардың денсаулығы жақсы, алайда осал тұстары да жоқ емес. Бұл - жүйке жүйесі. Сол себепті, бұл белгіде туған жандар ұйқысыздық, жүйже жүйесінің ауруы мен тіс ауруына душар болу мүмкін.

Торпақ

Торпақтар ақпаратты рет-ретімен жинақтап, оны барынша толыққанды талдап шыға алады. Сонымен қатар, олар өз ойын жазба түрінде керемет жеткізіп, сөз мен ұйқас шеберлігіне ие болып келеді. Сол себепті, Торпақтарға жазушы, журналист, аудармашы және сарапшы қызметін таңдаған дұрыс. Бұл жұлдызнама өкілдеріне эндокринды жүйе, бауыр пен ЛОР ағзаларының денсаулығына қарап жүру керек.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Instagram

Егіздер

Егіздер - шығармашылықтың адамдары. Оған қоса, олар керемет ораторлар және жаңа адамдармен танысуды жақсы көреді. Бұл жұлдызнама өкілдеріне өзін менеджерлер, ораторлар, сату бойынша мамандар ретінде танытып көруіне болады. Сонымен қатар, оларға өз талантын шыңдай алатындай кез келген шығармашылық мамандықтары сай келе береді. Егіздерге өз өкпесі мен тыныс алу ағзаларын сақтау керек. Оның үстіне аса әсер алғыштығы мен сезімталдығы салдарынан оларға жүйке жүйесіне да үлкен мән беру керек.

Шаян

Шаяндар - өте шыдамды және ұқыпты. Олар әрбір тапсырмасына асқан жауапкершілікпен қарайды. Оған қоса, олар адамдарға көмектескенді жақсы көреді және кез келген жағдайға тез бейімделе алады. Шаяндардан мықты бапкерлер, ұстаздар, дәрігерлер мен всихологтар шығады. Бұл жұлдызнама өкілдері асқазан мен ішек ауруларына бейім. Сол себепті, олар тамақтану тәртібіне назар аудару қажет.

Арыстан

Арыстан өмір бойы көшбасшы болады. Ол өз мақсаттарына жетіп, ғаламшар алдында жүргенді ұнатады. Соған байланысты Арыстандар өздерін кез келген басшылық қызметте еркін сезінеді. Денсаулығы бойынша, оларға жүрегін барынша күту керек. Оған қоса, Арыстандар омыртқа жотасы, қуық және жүйке жүйесімен байланысты ауруларды жұқтыруға бейім келеді.

Бикеш

Бұл жұлдызнаманың өкілдері аса еңбекқор. Олар кез келген тапсырмаға асқан жауапкершілік танытады. Бәрі нақты әрі түсінікті болатын істер Бикештердің жанына жақын болып келеді.Сол себепті, олардан керемет әлеуметтанушылар, қаржыгерлер, сарапшылар және редакторлар шығары анық. Бикештердің әлсіз жері - асқазан мен жүйке жүйесі. Олар қан мен диабет ауруына жақын.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Instagram

Таразы

Таразылар - аса жан-жақты тұлғалар. Оларға өздерін жақсы көрсете алатын кез келген мамандықтар келе береді. Соған байланысты, Таразыларға өзін дипломат, аспазшы, косметолог және фотограф ретінде танытып көру керек. Ал медицина қызметкері үшін олар тым жанашыр болып табылады. Таразылар көбіне бүйрек пен радикулит ауруынан жапа шегеді. Сол үшін оларға суық пен дымқылдықтан алшақ болу керек.

Сарышаян

Саряшаяндардың ойлау қабілеті жақсы дамыған. Сол себептен олар өзі үшін астрологтар, детективтер мен психоаналитиктердің мамандығын таңдай алады. Оған қоса, Сарышаяндардан жақсы суретшілер мен музыканттар шығады. Олар сараптама мен хирургия саласында да бақ сынап көрсе болады. Қыдырысқа толы өмір салтына орай Сарышаяндарға өзінің жыныстық денсаулығына ерекше назар аудару керек. Оған қоса, АІТ мен ЛОР ағзаларын күту керек.

Мерген

Жұлдызнаманың бұл өкілі жануарларды жақсы көреді. Сол себепті, көп жағдайда оның жұмысы хайуанаттармен тығыз байланысты болып шығады. Оған қоса, Мергендерге тарих пен өзге тілді үйрену оңай беріледі. Мергендер көбіне өзін аса қауіпті мамандықтарда жақсы көрсетеді. Өйткені, олар экстримді жақсы көреді. Бұл белгімен туған адамдарға жарақат алуға бейім спорт түрлерімен айналыспаған жөн. Себебі, Мергендер сынықтарға, буыннның созылып кетуіне, бұлшықеттердің жыртылуына жақын болып келеді. Оның үстіне, олар бауыры мен тамағына жіті назар аудару керек.

Тауешкі

Ойға кіріп кететін Тауешкілер ұзақ уақыт бойы бірқалыпты жұмыспен айналыса береді. Олар өте қырсық болғандықтан, әрдайым жоғары әлеуметтік жағдайға қарай талпынады. Тауешкілер өздерін саясатта, режиссурада, менеджментте жақсы кқрсете алады. Сонымен қатар, олардан мықты кәсіпкерлер шығады. Бұл жұлдызнама өкілдері буын ауруларына, тұз жиналып қалуына және бет терісінің мәселесіне тап болуы мүмкін.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Instagram

Суқұйғыш

Суқұйғыштарды мамандық таңдауда болжай алмайсың. Бұл жұлдызнама өкілдерін бір шектен екіншісіне лақтырып жатады. Сол себепті, олар жұмысын көп ауыстырады. Кейде парыз болғандықтан немесе отбасын асырау үшін жұмыс істеуі мүмкін. Суқұйғыштарға өзін антиквар, психолог, дизайнер және фотограф ретінде сынап көру керек. Суқұйғыштардың әлсіз тұсы - қан тамырлары, қан жолдары, өкпе мен бауыр. Жұлдызнама өкілдері көбіне бас ауруынан жапа шегеді.

Балықтар

Балықтардың ішкі сезімі мен ойлай қабілеті жақсы дамыған. Сол себепті, олар әрдайым мистика,а толы мамандықтарды таңдайды. Жұлдызнама өкілдері өзін шығармашылық жұмыста барынша еркін сезінеді. Олар жиі хикаялар жазып, өлеңдер шығарып, сурет салып тұрады. Олар дизайнерлер, психоаналитиктер, әртістер ретінде сынап көре алады. Балықтардың жүйке жүйесі аса әлсіз, сол үшін оны бірінші кезекте сақтау керек. Олар көз ауруына шалдығуы мүмкін.

Сіз әрбір зодиак белгісінің қандай қасиет пен қабілеттерге ие екенін біліп алдыңыз. Олардың әрқайсысының сипаттамасы білікті астролог мамандардың болжамы бойынша құрастырылған. Олардың пікіріне құлақ асыңыз - мүмкін, бұл сіздің және жақындарыңыздың өмірін жеңілдете түсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866336-zodiak-belgileri-kni-minezi-kabileti-densaulygy/

pixel