Выйти
RU

Әлем күткен Токио Олимпиадасы көрермендерсіз өтуі мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Халықаралық Олимпиада комитеті Токиодағы Олимпиада ойындарын көрермендердің қатысуынсыз өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images: Getty Images

Бұл туралы комитет басшысы Томас Бах NHK News басылымына берген сұхбатында айтып берді.

"Олимпиаданы қауіпсіз жағдайда өткізу үшін қажетті шараларды қабылдауға дайынбыз", – деп мәлімдеді ұйым басшысы.

Оның айтуынша, халықаралық шекаралардың жабылуы да жағдайды қиындата түсуде.

Бұған дейін Жапония халқының басым бөлігі Токио Олимпиадасын 2021 жылғы жазда өткізу туралы шешімді қолдамайтыны белгілі болды. Ұйымдастыру комитеті коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталмаса, дүбірлі доданың тағы да кейінге шегерілу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2020 жылға белгіленген Токиода Олимпиадасының коронавирус қаупіне байланысты бір жылға шегерілгенін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар

Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация қашан басталмақ: ДДСҰ жауап берді

Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ биыл Токиода өтеді деп жоспарланған жазғы Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы шешімге келді.

Сондай-ақ Олимпиада ойындарын 2021 жылға ауыстыру шешімі ұйымдастырушыларға 2,7 миллиард доллар шығын келтіруі мүмкін екенін жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлем күткен Токио Олимпиадасы көрермендерсіз өтуі мүмкін