Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бензин шашып, есікті тіреген": Оралда ер адам бұрынғы әйелі мен қызын тірідей өртемек болды

Опубликовано:

Орал қаласының полиция қызметкері бұрынғы әйелі мен қызының үйін өртемекші болған ер адамды қолға түсірген. Алайда келесі күні күдіктіні босатып жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: uralskweek.kz
Фото: uralskweek.kz: UGC

Басылым мәліметінше, Зашаған кентінің тұрғыны Гүлмира Ихсанова 20 шілде күні кешке қызымен бірге тірідей өртеніп кете жаздаған. Оның бұрынғы күйеуі Ғалымжан Сакказов үй сыртына бензин шашып, кіретін есікті тіреп, оны өртеп жіберді. Абырой болғанда әйел баламен бірге қашып үлгерген.

"Менің бұрынғы күйеуім Ғалымжан ішіп алып кешкі сағат тоғыздарда қызыма қоңырау шалып, менің үйде бар жоқтығымды сұраған. Содан кейін, 22:40-та Ғалымжан терезені қаға бастады, менің қызым терезеден қарап, үй сыртқы жағынан жанып жатқанын көрді. Біз қызымыз екеуміз үйден қашуға тырыстық, бірақ Ғалымжанды көрген көршілер, оны бірдеңемен есікті тіреп, үйді өртегенін айтты. Нәтижесінде мен есікті бұзып, қызыммен далаға қашып кете алдым, кейін өрт сөндірушілер мен тәртіп сақшылары келді. Ғалымжан сол кезде қашып кетті, оны көршілеріміз айқайлап қорқытқан, – деді Гүлмира Ихсанова сол күні болған оқиғаны есіне алып.

Гүлмираның сөзінше, полиция қызметкерлі оның 20 жастағы ұлымен бірге ізін суытпай өртті ұйымдастырған адамды ұстаған. Ол әкесі қастандық жасаған уақытта достарымен қыдырып үйде болмаған.

Алайда полиция Ғалымжанды келесі күні таңертең қамаудан шығарып жіберген екен.

Осы жағдайға байланысты Зашаған полиция бөлімінің басшысы Тимур Айтуғанов түсініктеме берген.

"Біз оны отырғыза алмаймыз, себебі карантин жағдайында аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді ғана қамауға алады. Педофилия, өлтіру немесе зорлау сияқты. Өкінішке орай, Саққазовтың әрекеттері сотқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы туралы өтініш беруге ресми түрде негіз бермейді. Сонымен қатар, мен қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі ("Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою") бойынша қылмыстық іс қозғадым. Бұл 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ауыр қылмыс. Қазір жеңілдетілген тәртіппен іс сотқа беріледі, себебі күдікті өз кінәсін толық мойындады," – деп түсіндірді ол.

Фото: uralskweek.kz
Фото: uralskweek.kz: UGC

Гүлмира Ихсанова бұрынғы күйеуімен 5 жыл бұрын ажырасқан. Бұған дейін ол онымен 17 жыл некеде тұрды, ал үлкен ұлы 4 жасқа толған кезден бастап отбасыда Ғалымжан тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық басталды.

"Ол үнемі ішіп, мені ұрды. Мен үшін бірде менің ұлым жақ болуға тырысты, бірақ ол оны қорқытты. "Егер сен оны тағы да қорғауға тырысып көрсең, мен сенің басынды шауып тастаймын", – деді. Біз үздіксіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты ажырастық. Осы жылдар ішінде ол тек 15 тәулікке қамауға алынды, ал маған жарақат пунктіне жүгінуге тура келді. Бірақ ол өкінбеді — керісінше, мен оны 15 тәулікке "отырғызған" үшін кек алуға уәде берді, — дейді әйел.

Оның айтуынша, Ғалымжанмен неке жақсы нәрсеге алып келмейтінін көрген туыстары онымен ажырасуға арыз беруге көндірген.

"Біздің үйіміз ұлымызға жазылған, ажырасқан кезде ол 16 – да болды. Біз екі жыл бойы балалармен жатаханаларда, жалдамалы үйлерде сандалып жүрдік, ал Ғалымжан үйде тұрды. Ұлымыз кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, біз үйді өзімізге алдық, ал Ғалымжанға жатақханадан орын бердік. Алайда, ол бізді бірнеше рет өртеймін деп қорқытты және «Мен сіздерді осы үйде тұрғызбаймын» дейтін. Содан кейін ол тағы да бірнеше рет мас болып келіп, ұрып-соғып, қорқытқан. Мені кеңселік пышақпен жұмыс жағында қарауылдаған кездер де болды, оны әрдайым өзімен бірге алып жүретін", — дейді Ғалымжанның бұрынғы әйелі.

Айта кетейік, үйдің жануы салдарынан шатырдың және қабырғалардың бір бөлігі жанып кетті. Әйел шығын құны 1 миллион теңгеге бағаланып отырғанын, алайда бұрынғы күйеуі бұл соманы төлемейтінін айтты. Оның айтуынша, әкесі баларына қаржылық көмекті ешқашан көрсетпеген екен.

"Менде тек бір ғана тілек бар — ол менің отбасымды мәңгілікке жайына қалдырсын. Қазір мен жай ғана өз өміріммен, балаларымның өмірі үшін қорқамын, ал ол еркіндікте жүр," — деді Гүлмира.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1866353-benzin-sasyp-esikti-tiregen-oralda-er-adam-bryngy-jeli-men-kyzyn-tiridej-rtemek-boldy/

pixel