Выйти
RU

Қапшағай карантин соңына дейін демалушылар үшін жабық болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар елімізде енгізілген қатаң карантин аяқталмайынша Қапшағайда демала алмайды. Онда орналасқан барлық демалыс орындары екінші тамызға дейін жабылмақ. Қаланың санитарлық дәрігері қызметін атқарушы тиісті қаулыға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Құжатта 25 шілде мен екінші тамыз аралығында Қапшағайдағы барлық демалыс орындары мен үйлердің жұмысы тоқтатылатыны жазылған. Көлге барар жолдарға мобильді бекеттер қою тапсырылды.

Қатаң карантин аяқталмайынша бұл шектеу шарасының сақталуын әкімдік қызметкерлері мен полицейлер қадағалайтын болады.

Еске сала кетейік, 14 шілде күні елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылған болатын. Шектеу шараларының екінші тамызға дефі созылатынын үкімет басшысы Асқар Мамин хабарлады.

Тағы да оқыңыздар

Ақтаудағы жағажайларда бес бақылау-өткізу пункті қойылды

Оған қоса, бұған дейін қазақстандықтар лег-легімен барған ерекше қызғылт түсті Көбейтұз көлін де жауып тастады. Кейбір отандастарымыз пайда табу мақсатында көлдегі тұзды сатып, оған үлкен зардабын тигізген.

Оған қоса, Алматыда карантин режимі аясында сенбі мен жексенбі күндері Медеу мен Шымбұлақ секілді демалыс орындарына баруға қатаң түрде тыйым салынды. Оңтүстік астана полициясы қала тұрғындарына ескерту жасаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қапшағай карантин соңына дейін демалушылар үшін жабық болады