Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алакөлде жабайы үйректер жаппай қырылып жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөлде демалушылар қырылып жатқан үйректерді байқаған. Судың сынамасын алу үшін оқиға орнына мал дәрігерлері мен "Қазгидромет" қызметкерлері аттанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/club_dobryakov_astana
Фото: instagram.com/club_dobryakov_astana: UGC

Туристердің бірі Instagram парақшасында қырылып жатқан құстардың фотосы мен видеосын жариялап, оқиғаның Алакөл көлінің Шығыс Қазақстан облысы жағында (Қабанбай ауылы, Аралтөбе) орын алғанын жеткізді.

Оның айтуынша, табиғатты қорғау ұйымдарының қызметкерлері бұл мәселеге байланысты шара қабылдауға құлық танытпапты, сол себепті ол түсірген кадрларын желіде жариялауға шешім қабылдаған. Видеоның авторы 20-дан астам құстың қырылып жатқанын көрген. Оның сөзіне қарағанда, үйректердің денелерінде оқтардың іздері болмаған.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Талғат Рақымжановтың айтуынша, ведомство өкілдері әлеуметтік желілердегі демалушылардың үндеуін естіген бойда оқиға орнына аттанған.

"Демалушылар оқиға орнын дұрыс көрсетпеген, сондықтан да ол жерді табу қиынға соқты. Жұмыстар Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Нәтижесінде қырылған құстар сол қорық аумағынан табылды. Жалпы, ондаған үйрек анықталды, олардың бір бөлігі өлімші күйде болған. Мамандар судың сынамасын алды, оқиға орнында мал дәрігерлері жұмыс істеуде. Құстардың не себепті қырылғаны анықталып жатыр", – деді Рақымжанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмаола облысындағы Көбейтұз көліне көлікпен кірген жүргізушінің жауапқа тартылғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866377-alaklde-zabajy-jrekter-zappaj-kyrylyp-zatyr-foto-video/

pixel