Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Алматы әкімі қорқынышты сценарийге дайындық жайлы айтты

Опубликовано:

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн-брифинг барысында коронавирустың қорқынышты сценариіне дайындық жайлы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімі коронавирустан қорқынышты сценарийге дайын болуға шақырды
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Қала басшысы қазір пессимистік және оптимистік бірнеше нұсқа қарастырылып жатқанын айтты. Ол қорқынышты сценарийге дайын болуға шақырды. Әкімнің сөзінше, қаражат бөлінеді, ал басым емес жобалар алынып тасталады.

Коронавируспен күреске қатысы жоқ барлық жобалар уақытша тоқтатылады. Шаһар басшысы пандемия келесі жылға дейін жалғаспайды деп үміттеніп отыр. Себебі, 2021 жылы жобаларды жаңарту жоспарланып отыр. Осы жылдың наурыз айынан бастап Алматыда коронавируспен күреске 60 млрд теңге бөлінген.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын емдеу шаралары тағы өзгертілді. Клиникалық хаттамаға осымен 11-рет түзету енгізіліп отыр. Бірқатар препаратты алып тастады. Себебі, ол дәрілер тиімсіз болып шықты. Бірақ хаттамаға қызуды басатын препараттар мен антикоагуланттар қосылды. Олардың бәрін науқастарға тегін тарату жоспарланып отыр.

Ал адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаны салу 2021 жылға дейін басталмайды. Бұл туралы ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866383-covid-19-almaty-kimi-korkynysty-scenarijge-dajyndyk-zajly-ajtty/

pixel