RU

Бүгіннен бастап Алакөлдің туристік аймағы жабылды

Telegram logo VKontakte logo

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 23 шілдеден бастап Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағы жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz: Facebook

Бұл туралы ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлім болды.

Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 23 шілдеден бастап Үржар ауданы Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында демалушыларды демалыс және тұру орындарында қабылдау тоқтатылады.

Ал 2020 жылғы 23 шілдеге дейін келген демалушыларға жолдама мерзімі аяқталғанға дейін демалыс базаларында қалуға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, Үржар ауданы әкіміне және аудандық полиция бөліміне Алакөл көліне апаратын автожолдардағы мобильді бекеттердің жұмысын қамтамасыз ету және қоғамдық құқықтық тәптіптің сақталуын қадағалау жөнінде тапсырма берілді.

Тағы да оқыңыздар

Қапшағай карантин соңына дейін демалушылар үшін жабық болады

Аталған қаулыны меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының карантин соңына дейін демалушылар үшін жабық болатынын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Бүгіннен бастап Алакөлдің туристік аймағы жабылды