Выйти
RU

Есмағамбетова: Көшеде маска тағу міндетті, талапты бұзғандар айыппұл арқалайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көпшілік көшеде медициналық маска тағудың қажеті бар ма деген сауалға бас қатыруда. Еліміздің бас санитарлық дәрігері бұл сұраққа жауап беріп, мәселеге нүкте қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Есмағамбетова: Көшеде маска тақпағандар жазаланады

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында көшеде маска тағу қажет екенін айтты.

Оның сөзінше, бұл талап 26 маусымдағы жарлығында айтылған және оны бұзғандар айыппұл арқалайтын болады.

Бас санитарлық дәрігердің сөзінше, COVID-19 ауа-тамшылары арқылы адамнан адамға жұғатын болғандықтан, бүгінде медициналық масканың қауіпті вирусты жұқтырудан қорғайтыны дәлелденген.

Өз кезегінде, ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди карантин енгізілген екі апта ішінде 4,5 мың заң бұзушылық анықталғанын, олардың төрттен бірі маска режимін бұзумен байланысты екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әділет министрі Марат Бекетаев көшеде маскасыз жүргендерге айыппұл салудың заңдылығы туралы сұраққа жауап берген еді.

Министр өз кезегінде көшеге маскасыз шыққан адамдар әкімшілік жауапкершілік тартылмайтынын, ал егер дәріханаға немесе дүкенге қорғаныс заттарынсыз кірсе, бұл жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Есмағамбетова: Көшеде маска тағу міндетті, талапты бұзғандар айыппұл арқалайды