RU

ДСМ 2 млн қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Telegram logo VKontakte logo

ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте еліміздің бас санитарлық дәрігері президенттің бұрынғы кеңесшінің елдегі коронавирус жұқтырғандардың "нақты санына" қатысты есептеулеріне пікір білдірді. Бұған дейін Олжас Құдайбергенов 2 миллион қазақстандықтың Covid-19 жұқтырғанын айтқан еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2 млн туралы

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Айжан Есмағамбетова Facebook-тегі Құдайбергеновтің есептеулерін көргенін және олармен келіспейтінін алға тартты.

Оның сөзінше, Құдайбергенов ауру белгілері жоқ тасушыны есептеу үшін 85% көрсеткішті пайдаланған және осылайша вирус жұқтырған 2 млн қазақстандық шығып отыр. Алайда, әлемде 15-тен 40% -ға дейінгі көрсеткіш қана пайдаланылады екен.

Сондай-ақ, президенттің экс-кеңесшісі пневмония бойынша жоғары пайызды ескепке алған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл жерде тек 20% көрсеткішті қолдану қажет еді деп мәлімдеді.

"Ауру белгілері жоқ жағдайларды ескере отырып, ауырып шыққандар саны 2 миллионнан аз деп санаймыз", - дейді еліміздің бас санитарлық дәрігер.

Тағы да оқыңыздар

Министрлік екі апталық карантин кезінде қандай нәтижеге қол жеткізген

Оның айтуынша, егер елде Covid-19-бен ауырып қойған азаматтардың басым бөлігін негізге алса, онда ұжымдық иммунитет туралы қате тұжырымға келуге болады.

Айта кетейік, бұған дейін президентен штаттан тыс кеңесшісі болған Олжас Құдайбергенов денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус науқастарының санын есептеудегі жаңа тәсіліне пікір білдірген еді.

Оның сөзінше, егер қазақстандықтардың 85 пайызында індет ауру белгілерінсіз өтіп жатқанын ескерсек, елде шамамен екі миллионнан астам адам COVID-19-бен ауырып шыққан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
ДСМ 2 млн қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді