Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 жасынан бері шашын қимаған 83-тегі әжейдің бұрымы көпшілікті таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Вьетнамның Гионг-Трром ауданында 19 жасынан бері шашын қимаған Нгуен есімді 83 жастағы әжей тұрады. Бүгінде қарт кісі өзінің қаласында ұзындығы алты метрге жеткен бұрымымен танымал деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

19 жасынан шашын қимаған әжейдің бұрымы жаға ұстатты
Фото: © Tinmoi.vn: UGC

Нгуен әжей шашын өмірінде тек бір ғана яғни 19 жасында қиғанын айтады.

Алайда шаштараздан келгеннен кейін оның басы қатты ауыра бастағаны соншалық, ата-анасы әжейді дәрігерге апаруға мәжбүр болыпты.

Қажетті ем қабылдағанына қарамастан, Нгуен әжейдің бас ауруы қомай, тек шашы қайта өскен кезде ғана дертінен айыққан. Содан бері зейнеткер ешқашан шашын қимаған екен.

"Шашым қайта өскенде басымның ауырғаны қоя бастады. Бір қызығы, шашымды жуғанда басым қайта ауыра бастайтын. Сол себепті бас жуудан да толығымен бас тарттым", - дейді Нгуен Тхи Динь.

Жылдар өткен сайын шашқа күтім жасау Нгуен әжей үшін қиынға соға бастаған.

Сол себепті зейнеткер оны өріп тастауға шешім қабылдайды.

Бүгінде 83 әжейдің шашының ұзындығы 6 метрге жеткен. Ал оны бірінші көрген адам шашты жыланмен шатастырып жатады екен.

Бүгінде Нгуен ақ самайлы әже болып отырса да, бұрымының көп бөлігінің түсі өзгермеген. Әжей шашы оған бойжеткен күндерін есіне түсіретінін айтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 40 жылдан бері шашын жумаған ер адам жайлы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1866434-19-zasynan-sasyn-kimagan-zejdi-brymy-kpsilikti-tagaldyrdy-foto/

pixel