Выйти
RU

"42 500 теңгеге қарап қалдық": Ақтөбелік мұнайшылар әкімдіктен көмек сұрап барды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбедегі "CNLC INTERNATIONAL KAZAKHSTAN INC" ЖШС мекемесінің қызметкерлері облыс әкімдігінен араша сұрап барды. Бірнеше ай жұмыссыз үйде отырған мұнайшылар бір күнде жұмыстан шығарылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"42 500 теңгеге қарап қалдық": Ақтөбелік мұнайшылар әкімдіктен көмек сұрап барды

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жаңажол кен аумағында мұнай өндірумен айналысатын қытайлық компания 21 шілде күні 10 қызметкерін жұмыстан босатқаны белгілі болды. Өндіріс аумағында жұмыстың тоқтамағанын көрген мұнайшылар не үшін жұмыстан шығып қалғанын түсіне алар емес.

"Бізді күні кеше еш себепсіз жұмыстан шығарды. Мекеме басшылары ештеңе түсіндірмей отыр. Жұмыссыз қалғанымыз туралы мекеме бұйрығын WhatsApp арқылы алдық.

Өзім алты айдан бері үйде отырмын. Мекеме карантиндік режимге байланысты бізге тек 42 500 теңге көлеміндегі ең төменгі жалақыны беріп отыр. Мен үкіметтің беріп жатқан әлеуметтік көмегіне де өтініш бердім. Себебі соған қарап қалдық. Компания тарапынан төменгі жалақы алып отырғандықтан ол да тиесілі болмай шықты. Мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес.

Тағы да оқыңыздар

Барахолка маңындағы көпірден секірмек болған тұрғынды полицейлер құтқарып қалды

Дәрі алам ба, тамақ алам ба? Отбасының жалғыз асыраушысы өзім. Үш балам бар. Бір үйде бес адам енді қалай күн көреді?! Компания оған назар аударып жатқан жоқ. Не үшін жұмыстан шығарылғанымызды сұрап мекемеге барсақ, есік ашпайды. Адам құсап сөйлесе де алмадық", - дейді жұмыссыз қалған мұнайшы Рустам Такташев.

Жұмыстан босатылғандардың қатарында алпысты алқымдағандар да бар.

"Осы мекемеде жұмыс істегеніме 10 жыл болды. Балам да осы жерде істеді. Балам компания басшыларына еңбек шартына байланысты шағым айтқан соң, осыған дейін қызметімнен төмендеткен болатын. Кеше жұмыстан екеумізді де шығарып жіберді. Қазір 58 жастамын. Зейнетке жақындағанымда жұмыссыз қалып тұрмын. Бұл заңды ма? Құқымды қай жерде, қалай қорғаймын? Ел заңына бағынбайтын компаниялардан неге жауап алынбайды?", - дейді мұнайшы Асылгерей Салбаев.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда жерлеу қызметіне 1 миллион теңге алғандар қолға түсті

Мұнайшылар ірі компанияның осындай кезде жұмыстан қысқартқаны қаншалықты заңды екенін түсіне алмай дал.

"Сегіз жылдан бері жұмыс істеп жүрген компаниядан не үшін жұмыстан шығарылғанымды түсіне алар емеспін. Сегіз айдан бері жұмыссызбын. Бірінші айда 28 мың, кейін 38 мың теңгеден аударды. Жұмыс істеп жүрген кезде де ресми жалақымыз 50-60 мың теңге шамасында болды. Жалақымызға экологиялық өтемақыны қосып, одан да салық ұсталады. Бұл заңсыз. Жалақымызды көрсеткіш үшін көбейтіп көрсетеді. Осы жағдай неге тексерілмейді", - дейді мұнайшы Нұрберген Айнадуллаев.

Мұнайшыларды облыс әкімдігінің алдынан әкімнің экономикалық сұрақтарға жауапты орынбасары Қайрат Бекеновтың көмекшісі қарсы алды. Жұмысшылар арызына қатысты тексеріс ұйымдастырылатынын айтып, компания басшыларынан жауап алынатынына уәде берді.

Еңбек инспекциясының басшысы да жұмысшылар арызымен танысып, мәселені анықтауға кірісті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"42 500 теңгеге қарап қалдық": Ақтөбелік мұнайшылар әкімдіктен көмек сұрап барды