Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көбейтұзға көлігімен кіріп кеткен жүргізуші халықтан кешірім сұрады (видео)

Опубликовано:

Жол талғамайтын көлікпен Көбейтұз көліне кіріп кеткен жүргізуші көпшіліктен кешірім сұрады. Видео үндеу полиция бөлімшесінде түсірілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көбейтұзға көлігімен кіріп кеткен жүргізуші халықтан кешірім сұрады
Фото: Видеодан кадр: UGC

Құқық бұзушының айтуынша, ол сол күні Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен бара жатқан, жол жөнекей соңғы уақытта желіде жиі айтылып жүрген қызғылт түсті көлге тоқтауға бел буған.

"Әрине, мен дұрыс жасамадым. Іс-әрекетім үшін кешірім сұраймын. Мен жаяу жүре алар едім, кәрі емеспін, бірақ солай болып қалды. Әлеуметтік желіде осыншалық шу, осыншалық пікірталас туындағаны үшін кешірім сұраймын. Шынымды айтсам, жасым 40-қа келді, өзім мұндайды жасаймын деп ойламаппын... ", - деп түсіндірді өз әрекетін құқық бұзушы.

Айта кетейік, бұған Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне көлікпен кіріп кеткен тұрғынның әрекеті әлеуметтік желідегілердің ашуына тиген болатын. Кейін өңірдің полиция қызметкерлері аталған жүргізушіні тауып, он, әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартқан.

Атап айтқанда, оған әкімшілік кодекстің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша ескерту жарияланып, 434-бабының ІІ тармағы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) 5 АЕК (13 890 теңге) көлемінде айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866445-kbejtzga-kligimen-kirip-ketken-zrgizusi-halyktan-kesirim-srady-video/

pixel