Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ коронавирустың үшінші толқыны туралы хабарламаға жауап қатты

Опубликовано:

Қазақстандықтардың мессенджерінде жаңа аудиохабарлама тарауда. Онда автор балалардағы өкпе ауруына байланысты коронавирустың үшінші толқыны басталуы мүмкін екенін ескертеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Рассылка пайда болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті COVID-19-дың үшінші толқыны мен балалардағы өкпе ауруларына қатысты хабарлама шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.

Сондай-ақ, WhatsApp мессенджерінде осындай хабарламаның бар екендігі анықталғаннан кейін барлық қол жетімді мәліметтер хабарламаның авторын іздеу және жеке басын анықтау әрі жауапкершілікке тарту үшін Түркістан облысының құқық қорғау органдарына берілген.

Министрлік қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған ақпарат таратпауды, сонымен қатар қажетті деректерді тек ресми ақпарат көздерінен алуды сұрайды.

Комитет Қазақстанда жалған мәліметтерді әдейі таратқаны үшін 274-бап бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске сады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желі мен мессенджерлердегі "ұшақпен белгісіз зат шашады" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866452-dsm-koronavirusty-sinsi-tolkyny-turaly-habarlamaga-zauap-katty/

pixel