RU

Тоқаев Маминға ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды

Telegram logo VKontakte logo

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда: Depositphotos

Мемлекет басшысы премьер-министрдің еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және әлеуметтік-экономикалық даму туралы есебін тыңдады.

Асқар Маминнің айтуынша, еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың саны 2,1 пайызға төмендеген, ауруханалардағы індетке шалдыққан азаматтарға арналған жалпы төсек-орын 30,4 мыңнан 49,7 мыңға дейін көбейген, соның есебінен реанимациядағы орындарға қажеттілік 12 пайызға, станционарда 25 пайызға азайған.

Сондай-ақ COVID-19 індетінен жазылып шыққандар 63 пайызға артып, жедел-жәрдем шақыртушылар саны 31 пайызға төмендеген.

Үкімет басшысы Қазақстан президентіне барлық өңірлердегі тұрақтандыру қоры қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылып, ауруханаларды өкпені жасанды желдету және оттегі концентраторларымен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

Министрлік екі апталық карантин кезінде қандай нәтижеге қол жеткізген

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа шектеу шаралары кезінде кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, жұмыспен қамту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы премьер-министрге аймақтарды, әсіресе, ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Президенттің айтуынша, пандемия кезінде және одан кейінгі уақытта үкіметтің алдында экономиканың жоспарлы дамуын қамтамасыз етіп, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті тұр.

Қазіргі уақытта жаңа экономикалық бағытты әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол мемлекет басшысының алдағы жолдауының негізгі бөлігін құрайтын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Асқар Маминнің селекторлық отырысын өткізіп, әкімдіктерге, денсаулық сақтау және индустрия министрліктеріне өңірлердегі ауруханаларды қажеттіліктеріне сай өкпені жасанды желдету аппараттарымен тамыздың соңына дейін қамтамасыз етуді тапсырған еді.

Тағы да оқыңыздар

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі қатаң карантиннің қорытындысын шығарды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Тоқаев Маминға ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды