Выйти
RU

Швейцария елге келетін қазақстандықтар үшін 10 күндік міндетті карантин енгізді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Швейцарияда қолайсыз эпидемиологиялық жағдайда тұрған мемлекеттердің тізіміне Қазақстан да енді. Бұдан былай елге келген қазақстандықтар 10 күн карантинде болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Швейцария елге келген қазақстандықтар үшін 10 күндік карантин жариялады

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Швейцарияның Федералдық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтының хабарлауынша, бұдан былай елге келген қазақстандықтар үшін 10 күндік міндетті карантин енгізіліп отыр.

Себебі, Қазақстан эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдердің қатарына енген.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарына Швейцарияға жұмыс визасымен және 90 күндік визамен кіруге рұқсат етілген. Бірақ мұндай сапарлар кантондық билікпен келісілуі керек.

Ал қысқа мерзімді визаға келсек, аталмыш құжаттың иесі медицина қызметкері болған жағдайда ғана оның елде болу мәселесі қарастырылады.

Айта кету керек, эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдер қатарына Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Босния және Герцеговина, Біріккен Араб Әмірліктері, Америка Құрама Штаттары, Люксембург, Мексика, Палестина, Черногория және басқа да елдер енген.

Тағы да оқыңыздар

"Бәрі өз қолымызда": Есмағамбетова 2 тамыздан кейін не болатынын мәлімдеді

Бұрын бұл тізімге тек 29 мемлекет кірсе, қазір олардың саны 42-ге дейін өскен.

Сондай-ақ, 10 күндік карантинді бұзғандар 10 мың швейцар франкіне дейін айыппұл төлеуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркия билігі Қазақстандағы шектеулерге байланысты отандастарымызға елге кіруге уақытша тыйым салғанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Швейцария елге келетін қазақстандықтар үшін 10 күндік міндетті карантин енгізді