Выйти
RU

15 жасар ауған қызы әке-шешесін атып өлтірген содырлардан кек алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ауғанстанның шалғайдағы провинцияларының бірінде тұратын бойжеткен "Талибан" қозғалысының екі содырын өлтірді. Олар қыздың ата-анасын жазықсыз атып тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

15 жасар ауған қызы әке-шешесін атып өлтірген содырлардан кек алды

Фото: www.centralasian.org: Instagram

Centralasian.org жазуынша, оқиға желісі былай өрбіген:

Ауғанстандағы ауылдардың бірінде бірнеше жігіт түнгі сағат бірде үйдің есігін қағыпты.

15 жастағы Қамар Гүл түсектен тұра сала інісін құшақтап алады. Көрші бөлмедегі ата-анасы есікті ашуға барған. Оның арғы жағында тәліптер тұрған екен.

Содырлар Қамар Гұлдің әке-шешесінен есікті ашуды талап еткен. Олар ашпаған соң, бірнеше минуттан соң қарулы топ үйге басып кіреді.

"Олар анамды көшеге алып шығып, атып тастады. Одан соң әкемді де көшеде атып өлтірді", - деп түсіндірді Гүл Азаттықтың Ауған редакциясына телефон арқылы.

Бұл уақытта Қамар Гүл АК-47 автоматын алып, үйге кіргісі келген содырларға оқ атқан. Бойжеткен олардың екеуін өлтіріп, үшіншісін жаралапты.

Сол кезде үкімет жағындағы сарбаздар келіп, қалған содырлардың ізіне түскен.

"Мен "Талибан" содырларын өлтіргеніме өкінбеймін. Олар менің әке-шешемді өлтірді. Мен тәліптермен қасық қаным қалғанша күресемін", - дейді бойжеткен.

Гүл мен оның 12 жастағы інісін үкімет қауіпсіз орынға көшірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
15 жасар ауған қызы әке-шешесін атып өлтірген содырлардан кек алды