Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір айда екі қыз зорлаған": Ақтөбеде 33 жастағы қауіпті күдікті ұсталды

Опубликовано:

Ақтөбедегі уақытша ұстау изоляторына қамалған 33 жастағы ер адамның бір айда екі адамды зорлағаны анықталды. Оның бірі - кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім болып шықты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Жасөспірімге қатысты жантүршігерлік оқиға 22 шілде күні тіркелді.

"Қалада белгісіз ер адамның жеткіншек қызға қатысты зорлау, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы күш қолданғаны анықталды. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған 33 жастағы қала тұрғыны. ҚР ҚПК 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті осыған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылып, сотты болған.

Соңғы жасаған қылмысы бойынша ҚР ҚК-нің екі бірдей бабымен 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, қылмыстық істі тергеу барысында қамауға алынған ер адамның биыл шілде айында тағы бір әйел адамды зорлағаны анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ақтөбедегі "CNLC INTERNATIONAL KAZAKHSTAN INC" ЖШС мекемесінің қызметкерлері облыс әкімдігінен араша сұрап барды. Бірнеше ай жұмыссыз үйде отырған мұнайшылар бір күнде жұмыстан шығарылған.

Жаңажол кен аумағында мұнай өндірумен айналысатын қытайлық компания 21 шілде күні 10 қызметкерін жұмыстан босатқаны белгілі болды. Өндіріс аумағында жұмыстың тоқтамағанын көрген мұнайшылар не үшін жұмыстан шығып қалғанын түсіне алар емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866468-aktbede-zasspirim-kyzdy-zorlagan-kdikti-staldy/

pixel