Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5 жасар қыз бала ұрланды: Сәтбаев тұрғындары күдіктіні өздеріне беруді талап етуде

Опубликовано:

Кеше түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейіннен бөтен пәтерден табылған. Енді жергілікті тұрғындар ұсталған күдіктіні өздеріне беруді талап етуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан кадр/instagram.com/etozhez
Видеодан кадр/instagram.com/etozhez: UGC

5 жастағы қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама Сәтбаев қаласының полиция департаментіне 23 шілде күні 21.00-де түскен.

Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған Жезқазған қаласының тұрғыны, бүлдіршіннің әкесі екен.

Сәтбаев қалалық полиция департаментінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру шараларының нәтижесінде қыз бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды.

Қазіргі уақытта оны ауруханада қарап жатыр.

Күдікті қамауға алынған.

Видеодан кадр/instagram.com/etozhez
Видеодан кадр/instagram.com/etozhez: UGC

Алайда жергілікті тұрғындар қылмыскерді өздеріне тапсыруды талап етіп жатыр.

"Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Қарағанды ​​облысының полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда", - деп хабардар етті полициядан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде бір айда екі бірдей адамды (олардың бірі кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала) зорлады деп күдіктелген ер адамның ұсталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866481-satpaev-trgyndary-5-zastagy-kyz-balany-rlagan-kdiktini-zderine-berudi-talap-etude-video/

pixel