Выйти
RU

Путин Рамзан Қадыровқа генерал-майор шенін берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің жарлығымен 22 шілде күні Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровқа генерал-майор шені берілді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Путин Кадыровқа генерал-майор шенін берді

Фото: putin-navalny.com: UGC

Жоғары әскери атақ берілгенін Рамзан Қадыровтың өзі хабарлады.

Mash Telegram-арнасы хабарлағандай, Шешенстан басшысы өзіне берліген шенді жарғыға сәйкес қабылдап алған.

Сондай-ақ, бұған дейін ішкі істер министрлігінде болған Қадыров енді басқа бөлімге ауыстырылған. Бұдан былай ол Ресей гвардиясында қызмет етеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ Шешенстан басшысы оның жұбайы Медни Қадырованы және қыздары Айшат пен Каринаны қара тізімге енгізген болатын.

Елдің мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуынша, бұл шешім Қадыровтың Шешенстан Республикасында адам құқықтарын өрескел бұзу әрекеттеріне қатысуына байланысты.

Помпео мемлекеттік департамент Қадыровтың он жыл бұрын орын алған адам құқықтарын сансыз бұзу, оның ішінде азаптау және соттан тыс өлім жазасы үшін жауап беретіндігі туралы ауқымды расталған ақпараттарға ие екенін айтты.

Тағы да оқыңыздар

Саясаттанушы Бердымухамедовтің күйеу баласы коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады

Пампеоның мәлімдемесіне кейін көп ұзамай Шешенстан басшысы өзінің Telegram арнасында жауап қатты.

Айта кетейік, қара тізімге ену АҚШ-қа кіруге тыйым салынады дегенді білдіреді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Путин Рамзан Қадыровқа генерал-майор шенін берді