Выйти
RU

Демалыс үшін қолайлы ел анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еуропалық туристер демалыс үшін ең қолайлы елді атады. Ол Испания мемлекеті болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Демалыс үшін қолайлы ел анықталды

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Арнайы жүргізілген сауалнамаға алты мыңнан аса адам қатысқан.

Олар Испанияны ыңғайлы жағажайлары, үлкен қалалары, тарихи мұралары және тіл үйірер тағамдары үшін жақсы көретіні анықталды.

Саяхатшылардың тізімінде Испаниядан кейін екінші орында Италия тұр. Көпшілік мемлекеттің жақсы жерде орналасқанын айтып, мәдениетін, халқын, тарихы мен тағамын жоғары бағалаған.

Сонымен қатар көпшілік Германия мен Түркияға жиірек саяхаттағанды ұнататыны белгілі болды.

"Мен Канар аралдары бар Испанияны таңдаймын. Бұл Ұлыбританиядан бар-жоғы төрт сағаттық жерде орналасқан", - дейді саяхатшылардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирус пандемиясымен сәтті күрескен және саяхаттауға ұсынуға лайықты елдердің тізімі шыққан еді.

Тағы да оқыңыздар

Швейцария елге келетін қазақстандықтар үшін 10 күндік міндетті карантин енгізді

Independent басылымының рейтингіне сәйкес 2020 жылы саяхаттау арналған ең қауіпсіз мемлекет деп Вьетнам танылған.

Журналистердің мәліметінше, Вьетнамда 342 адамнан коронавирус анықталған, бірақ бірде-бір өлім тіркелмеген.

Сондай-ақ, қауіпсіз мемлекеттер арасында екінші орында Греция тұр. Басылым авторларының пікірінше, мемлекет індеттің таралуын лезде тоқтата алған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Демалыс үшін қолайлы ел анықталды