RU

БҚО-да қыздары мен бұрынғы жұбайын өртеп жіберген ер адамды өмір бойына соттауды сұрады

Telegram logo VKontakte logo

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ақтау ауылында бұрынғы әйелі мен екі кішкентай қыздарын өртеп жіберген ер адамға қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Марқұмның тустары кінәлы азаматты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: uralskweek.kz. Ақболат Жұмалиев, онлайн сот отырысы кезінде сотталушыға өзінің қызы мен немерелерінің суретін көрсетті

Фото: uralskweek.kz. Ақболат Жұмалиев, онлайн сот отырысы кезінде сотталушыға өзінің қызы мен немерелерінің суретін көрсетті: Instagram

Басылым мәліметінше, жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот отырысы онлайн режимде өткен. Сот залында тек судья мен прокурордың ғана болған. Ал айыпталушы бейнекамераның алдында тергеу изоляторындағы арнайы бөлмеде отырған.

Серік Кафизов Қылмыстық кодекстің екі бабы — "Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою" және "Екі және одан да көп адамды қасақана өлтіру" бойынша айыпталып отыр.

Марқұм Жадыраның әкесі Айболат Жұмағалиев сот процесіне қызы мен екі немересі бейнеленген фотоны алып келген. Оның сөзінше, бұл жақындарының соңғы рет түскен суреті екен.

Тағы да оқыңыздар

Шорнақтағы жанжал: Тұрғымбаев пікір білдірді

Айболат Жұмағалиев бұрынғы күйеу баласы өмір бойына түрмеде отырғанын қалайтынын айтты.

Сот отырысында Жадыра Жұмағалиеваның әпкесі Жәния Сүлейменованың да айғақтарын тыңдалған. Оның сөзінше, Серік Кафизов бұл қылмысқа қасақана барған.

"Жадыра мен оның үлкен қызының денесі олар жататын бөлменің еденінен табылды. Сотталушы үйді кездейсоқ өртеп алдым деп сендіреді. Бензинді төгіп алып, онымен жанжалдасқаннан кейін қорқытқым ғана келді, дейді. Ал бәрі кездейсоқ өртенген, өйткені ол темекі тұтатқан. Бірақ егер солай болса (мен бұған күмәнданамын), онда неге Жадыра әдетте ұйықтап жатқан жерде табылды?
Неге Серік үйде жас қыздарының бар екенін біле тұра, оларды құтқаруға ешқандай әрекет жасамады? Егер, оның айтуынша, ол сол кезде Жадырамен қарым-қатынасын анықтаса, онда ол өзінің балаларын неге құтқаруға тырыспағанын түсіндірсін?", - дейді Жадыра Жұмағалиева.

Тағы да оқыңыздар

"Жүрегіне тиген": Оралда 69 жастағы зейнеткер күйеуін пышақпен өлтірді

Ол айыпталушының мақсатты түрде үйді өртеп жібергенін, бұның кездейсоқтық емес екенін айтады.

Ақболат Жұмалиев пен Жәния Сүлейменова айыпталушыға қылмыстық кодексте көзделген ең жоғарғы жаза — өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады.

Еске сала кетесек, осы жылдың 8 сәуірінен 9 сәуіріне қараған түні Тасқала ауданының Ақтау ауылында бұрынғы әйелі мен екі қызы болған үйді өртеп жіберген ер адамның әрекеті бүкіл елді дүр сілкіндірген еді.

Олардың ешқайсысы да тірі қалмаған.

Сонымен қатар бұған дейін Оралда тағы бір ер адамның бұрынғы әйелі мен қызын тірідей өртеуге әрекеттенгенін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
БҚО-да қыздары мен бұрынғы жұбайын өртеп жіберген ер адамды өмір бойына соттауды сұрады