Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Модель ару өзімен кездескісі келетін жігіттер қалтасынан қанша ақша шығару керектігін ашық айтты

Опубликовано:

Ресейдің Самара қаласынан шыққан модель әрі блогер Танита Чочиева өзімен танысқысы келетін жігіттерге ол үшін қалтасынан қанша ақша шығару керек екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Модель өзімен кездескісі келетін ер адамдарға қанша тұратынын айтты
Көрнекі фото: vk.com/tanita_officiall: UGC

Танита Чочиева ВКонтакте желісіндегі парақшасында түрлі даулы мәселелерге қатысты өз ойын ашық айтып отырады.

Бұл жолы бойжеткен өзімен кездескісі келетін жігіттерге талаптар тізімін ұсынды.

Желіде пайда болған арудың жазбасы жұрт назарынан тыс қалмады. Танитаның сөзінше, оған күнделікті түрлі жігіттер кездесуге ұсыныс тастап, хат жазады екен.

Ал олар блогер арудың талаптарына сай келмегендіктен, Танита ер адамдардың бетін қайтаруға мәжбүр екені айтады.

Сондықтан ол өзінің де өзгелердің де уақытын үнемдеу үшін өзімен қарым-қатынас құруды қалайтын жігітке қалтасынан қанша ақша шығару керектігін ашық білдірген.

Танита ай сайын сұлулық шараларына 36 мың рубль, ал киім сатып алуға 35 мың рубль қаражат жұмсайтынын атап өтті. Бұған шетелге саяхаттау, бағалы бұйымдар мен қымбат ұялы телефондар қосылады.

Бойжеткеннің мұндай талаптары кей желі қолданушыларының шамына тиген.

Ал Танитаның екінші жартысы атануға үмітті жігіттер мұндай сұраныстарды мүлде құп көрмеген.

Естеріңізге сала кетейік, танымалдық үшін акуламен суға түскен модельдің қолынан айырыла жаздағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1866517-bojzetken-zimen-kezdeskisi-keletin-zigitter-kaltasynan-kansa-aksa-sygaru-kerektigin-asyk-ajtty/

pixel