RU

Сәтбаевтағы оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі мәлімдеме жасады (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Ішкі істер істер министрі Ерлан Тұрғымбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Сәтбаев қаласындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр/Хабар24

Видеодан кадр/Хабар24: UGC

"23 шілдеде кешкі сағат 9-да Сәтбаев қаласындағы ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Жедел іздестіру нәтижесінде бүлдірші қаладағы бір үйден табылды. Қыз баланы зорлады деген күдікпен бір адам қамауға алынды.
Алайда бірнеше адам күдіктіні өз қолдарына беруді талап етіп, жанжал шығарды. Олар бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытты. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылды, жағдай бақылауға алынды. Бұл жағдай бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жалғасып жатыр", - дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Тағы да оқыңыздар

5 жасар қыз бала ұрланды: Сәтбаев тұрғындары күдіктіні өздеріне беруді талап етуде

Еске сала кетсек, кеше түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылған болатын.

Қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама Сәтбаев қаласының полиция департаментіне 23 шілде күні 21.00-де түскен.

Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшыларынан қыз баланың әкесі көмек сұрап, жүгінген.

Осыдан кейін қалалық полиция департаментінің жеке құрамы мен еріктілер іздеу шараларына көшіп, нәтижесінде қыз бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Кейінірек Сатпаев қаласының әкімдігі үндеу жасап, жергілікті тұрғындарды сабырға шақырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Сәтбаевтағы оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі мәлімдеме жасады (видео)