Выйти
RU

Әлемнің ең көрікті жағажайлары туралы қаншалықты жақсы білесіз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Біз жер шарындағы ғажайып мекендер жайлы жазуды жөн көрдік. Бұл жолы KAZ.NUR.KZ мөлдір, қызғылт әрі жұлдызды аспандай жарқылдайтын таңғажайып жағажайлар туралы әңгіме өрбітеді.

Әлемнің ең көрікті жағажайлары туралы не білесіз

Фото: vivu.ru: UGC

Мальдив аралдарындағы Атолл Ваадху

Көпшілігі Мальдив аралдарын жер бетіндегі нағыз жұмақ мекен деп есептейді. Ал Вадху аралына барсаңыз, жұлдызды аспанның бір бөлігіне тап болғандай боласыз.

Күндізгі уақытта бұл жер Мальдив архипелагының басқа аралдарынан еш ерекшеленбейді, бірақ кешке мұнда ерекше табиғи жарық пайда болады.

Көптеген микроорганизмдер жарқырай бастайды, бұл өз кезегінде аспаннан жерге мыңдаған жұлдыздар түскендей керемет әсер тудырады.

АҚШ, Калифорниядағы шыны жағажай

Бұл жағажай Форт Брэгг қаласының жанында орналасқан. Бұрын ешкім оны ерекше немесе әдемі деп санамайтын еді.

Тағы да оқыңыздар

Зодиак белгілері: Күні, мінезі, қабілеті, денсаулығы

Алайда жергілікті тұрғындар тастаған қоқыстар осы жерге тау болып жиналып, тіпті, шыны қалдықтар бүкіл жағалауды басып қалған. Осылайша көп ұзамай олар жарқылдай бастайды. Бүгінде жағажай мұқият бақылауға алынған әрі туристер арасында танымал. Қазір арал өте таза, бірде-бір өткір әйнек табу мүмкін емес.

Испаниядағы соборлық жағажай

Бұл орын Испанияның солтүстік-батысындағы Рибадео шағын қалашығының жанында орналасқан. Керемет соборлық доғалар мыңдаған жылдар бойы судың көмегімен қалыптасқан. Мұнда үшкір жартастар мен құмды аймақтар ерекше үйлесімділік тапқан. Галицияға келген саяхатшылар бұл жерді жақсы көреді.

Багам аралындағы қызғылт түсті жағажай

Багам аралдары да жердегі жұмақ мекендердің бірі. Мәселен Харбор аралында жағажайдағы құм қызғылт реңкке боялған. Бұл қызғылт түстің пайда болуына маржандар әсер етеді. Мұндағы мұхит суы тұнық, сол себепті бұл жерге әлемің жүздеген елінен дайверлер келеді.

Тағы да оқыңыздар

"Не деген оңбағанбыз": Дина Төлепберген Көбейтұзға зиян келтіргендерге шүйлікті

Ирландиядағы тас төселген жағажай

Бұл ерекше жер Ирландияның солтүстігінде орналасқан. Бұл мистикалық жол теңізге жеткенде аяқталады. Ғалымдардың пікірінше, жер бедері ондаған миллион жыл бұрын жанартаудың атқылауы кезінде пайда болған.

Португалиядағы Алгарве үңгірлі жағажайы

Португалияда Бенагил үңгірінің астында жартастағы жағажай орналасқан. Мұнда тек теңіз арқылы жетуге болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемнің ең көрікті жағажайлары туралы қаншалықты жақсы білесіз