Выйти
RU

Англияда қоғамдық орындарда маска тағу міндеттелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Англияда бүгіннен бастап дүкенге келушілерге қорғаныс маскасын тағу міндеттелді, бұл тәртіп сақталмаған жағдайда айыппұл салынады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images: Getty Images

Елдегі коронавируспен күресуге бағытталған жаңа ережелерге сәйкес, 24 шілдеден бастап адамдарға сауда нүктелеріне маскасыз кіруге тыйым салынған.

Тәртіпті орындаудан бас тартқан жағдайда, дүкен қызметкерлері полиция шақыруға құқылы. Өз кезегінде құқық қорғаушылар тәртіп бұзушыға айыппұл салады.

Жаңа ережелер супермаркеттер, азық-түліктік емес дүкендер, сауда орталықтары, банктер, пошта үйі мен "өзімен алып кету" режимінде жұмыс істейтін кафелер аумағында сақталуы тиіс. Сондай-ақ қоғамдық көліктерде де жеке қорғаныс құралын тағып жүру міндеттелген.

Аталған қоғамдық орындарда 11 жасқа дейінгі балалар мен кейбір ауру түрлеріне, атап айтқанда, демікпеге шалдыққан адамдарға маска тақпауға болады.

Тағы да оқыңыздар

Солтүстік Қазақстан облысында қатаң карантин енгізілмек

Жаңа ережелер туралы мәлім еткен елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок маска тағудан бөлек, басқа да санитарлық талаптар сақталуы керектігін еске салды: қолды жиі жуу мен әлеуметтік арақашықтық сақтау.

Айта кетейік, Британия пандемиямен күресте қорғаныс маскаларының пайдасын соңғы болып мойындаған елдердің бірі.

Сондай-ақ бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова да көшеде маска тағу міндетті екенін, талапты бұзғандар айыппұл арқалайтынын ескерткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Англияда қоғамдық орындарда маска тағу міндеттелді