Выйти
RU

Моңғолияда қазақстандық жүк көлігі жүргізушісінен коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Моңғолияда қазақстандық жүк көлігі жүргізушісінен коронавирус анықталды. Оның елге кіргенде тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Бұл - Моңғолияда соңғы тәулікте тіркелген жалғыз дерек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Моңғолияда қазақстандық жүк көлігі жүргізушісінен коронавирус анықталды

Көрнекі фото: pixabay.com

Ер адам Моңғолияға Сэлэнгэге провинциясында орналасқан Алтанбулаг бақылау-өткізу пункті арқылы келіп жеткен деп жазады CentralAsia. Оның елге кіргенде тапсырған тесті коронавирус жұқтырғанын көрсеткен.

Бұл Моңғолиядағы соңғы тәуліктерде тіркелген жалғыз дерек болып отыр. Жалпы Моңғолияда бүгінде коронавирус 288 адамнан анықталған, олардың 217-сі жазылып шыққан.

Елде коронавирус індетінен қайғылы жағдай тіркелмеген.

Ал еліміздегі ахуалға келсек, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1687 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 78 486-ға жетіп отыр.

Тағы да оқыңыздар

ДСМ 2 млн қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Әлемдегі жаңалықтарды атап өтсек, бүгінен бастап Англияда дүкенге келушілерге қорғаныс маскасын тағу міндеттелді, бұл тәртіп сақталмаған жағдайда айыппұл салынады.

Жаңа ережелер супермаркеттер, азық-түліктік емес дүкендер, сауда орталықтары, банктер, пошта үйі мен "өзімен алып кету" режимінде жұмыс істейтін кафелер аумағында сақталуы тиіс.

Сондай-ақ қоғамдық көліктерде де жеке қорғаныс құралын тағып жүру міндеттелген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Моңғолияда қазақстандық жүк көлігі жүргізушісінен коронавирус анықталды