Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖ мамандары найзағайдан қалай сақтану керектігін айтып берді

Опубликовано:

Ресейдің ТЖМ мамандары найзағай соққысынан қалай сақтануға болатынын айтты. Ведомствоның өкілдері күн күркірегенде пеш жақпауға, телефонмен сөйлеспеуге, спортпен шұғылданбауға және қарағай, емен мен теректерден аулақ тұруға кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"Пеш жақпаңыздар, себебі мұржадан шығатын жоғары температуралы газдардың қарсылық әрекеті төмен", – дейді ТЖМ өкілдері.

Мамандардың сөзінше, ауылды жерлерде найзағай болған жағдайда барлық мұржалар мен желдеткіштерді, сондай-ақ терезелер мен есіктерді жабу қажет.

Найзағайдың бағаналар арасында тартылған сымдарға жиі тиетінін есте сақтаған жөн. Сондықтан да найзағай кезінде телефонмен сөйлеспеген дұрыс.

Терезеге, электр сымдарына, жайтартқыштарға, шатырдағы суағарлар мен антенналарға жақындамаған абзал. Мүмкіндігінше теледидар, радио және басқа да тұрмыстық электр құралдарын өшіру қажет.

Орманды жерде күн күркірегенде төмен орналасқан учаскеге, атап айтқанда, сайға түсу керек.

Ұзын ағаштардың, әсіресе қарағай, емен, теректердің жанында найзағайдан тығылуға болмайды. Сондай-ақ құтқарушылар найзағай кезінде суда немесе судың жағасында тұрмауға кеңес береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Якутияда балет әртісіне найзағай түсіп, мерт болғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866554-tz-mamandary-najzagajdan-kalaj-saktanu-kerektigin-ajtyp-berdi/

pixel