Выйти
RU

Атырауда итті тұншықтырған ер адамға қатысты іс қайта қозғалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейманов Атырауда итін тұншықтырған адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді кері қайтаруға қол жеткізді. Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырауда итті тұншықтырған ер адамға қатысты іс қайта қозғалды

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"Атыраудан шыққан қаныпезер тоңазытқыштың есігімен итті тұншықтырған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ іс итке ешқандай зиян келмеді деген қорытындымен тоқтатылды. Егер ит тоңазытқыштың есігімен тұншықтырылса, зиян келмеді деген қалай? Ол кем дегенде психикалық ауытқу мен оттегінің жетіспеушілігінен миынан зақым алған", - дейді заңгер.

Оның айтуынша, 3 шілдеде ол Бас прокуратураға істі тоқтату туралы шешімді қайта қарауға шағым берген. Бас прокуратура оның өтінішін Атырау прокуратурасына жіберді.

"Бүгін маған істі тоқтату туралы шешімнің жойылып, қаныпезерге қатысты қылмыстық істің қайта қозғалғандығы жөнінде хат келді. Бұл жолы ол жауапқа тартылады деп сенемін! Шағымымды әділ қарағаны үшін Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллинге жеке өзімнің және он мыңнан аса қазақстандықтардың атынан алғыс айтамын! Біз әділеттілікке сенеміз! Жамандық жазалануы керек!", - деп жазды Жангелді Сүлейманов.

Тағы да оқыңыздар

Аружан Саин Сәтбаевтағы бес жасар қыздың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облыстық полиция департаменті итті тоңазытқыш есігімен тұншықтырып қорлаған Еркінқала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда итті тұншықтырған ер адамға қатысты іс қайта қозғалды